Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Елінің ерке ақыны

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы шежіресі құмға сіңген, аты аңыз бен ақиқатқа толы Талас ауданында жалғасты.

    Талас орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Майтөбе ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Талас ауданының Құрметті азаматы, ақын Нарша Қашағанұлының туғанына 70 жыл толуына орай «Елінің ерке ақыны» ақынды еске алу кешін ұйымдастырды.

    Ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова, Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мақұлбек Абылайхан Сапарқұлұлы қатысты.

    Одан әрі еске алу кешінде ақын шығармашылығы жайында түсірілген «Айна» бағдарламасынан үзінді көрсетіліп, кітапхана жанынан құрылған «Қызғалдақ» қызығушылық клуб мүшелері Нарша ақынның өлеңдерінен топтастырылған әдеби монтаж ұйымдастырды.

    Сонымен қатар ақынның сөзіне жазылған «Туған жер», «Хат жазып тұр», «Рахмет саған, туғал ел!» әндері шырқалып, шығармашылығына арналған «Тұрағын туған жерден тапқан ақын» кітап көрмесі таныстырылды.

 

Яндекс.Метрика