Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы ауылдық кітапханалар күндері Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық кітапханасының күні

     Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауылдық кітапханалар күндеріне орай Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Ақтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен және ауылдың белсенді жастарының қатысуымен «Болашаққа үміт, жастарға сенім» атты ашық микрофон алаңы өтті.

     Ашық микрофон алаңына Ақтөбе ауылының белсенді жастары облыстық «Жас отбасылар» байқауының жеңімпаздары, Ы. Алтынсарин орта мектебінің жас ұстаздары, талантты өнер иелері – Оспанбаевтар әулеті, Францияның астанасы Париж қаласында мың бұралған билерімен ұлттық өнерімізді нақыштап, әлемге паш етіп келген №2 балалар өнер мектебінің «Томирис» би тобы, бокстан Қазақстан чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы Балнұр Махамбетқызы, он саусағынан өнер тамған жас шебер Хафиза Жакель-Чохайқызы қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

     Жас ұрпақты ұлағатқа бастаған отбасылардың бірі, облыстық «Жас отбасылар» сайысының жеңімпазы – Оспанбаевтар әулеті ауыл туралы керемет әңгімелерімен бөлісті. Ал, «Томирис» би тобының мың бұралған биші қыздары керемет өнер көрсетіп, кешті одан әрі қыздыра түсті.

     Қолөнер шеберлігін дәріптеп жүрген Хафиза Жакель-Чохайқызы арнайы қолынан шыққан керемет тоқыма өнерімен жиналған таныстырды.

     Кеш соңында «Ел ертеңі – білімді жастар» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Яндекс.Метрика