Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Жаңалық жаршысы – «AQJOL»

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әлеуметтік желілерінде жаңалық жаршысына айналған «AQJOL» газетінің жұмысымен кеңінен таныстыру мақсатында басылымның бас редакторы Оралхан Дәуітпен «Жаңалық жаршысы – «AQJOL» онлайн сұхбат өтті.

   Онлайн сұхбат барысында Оралхан Әбдірашұлы қарашаңыраққа айналған  «AQJOL» газетінің құрылу тарихына тоқталып, журналистік әлемге қадам басқан алғашқы жылдарының естелігімен бөлісті.

   Журналистикамен қатар жазушылық қабілеті бар қаламгер өзінің шығармашылығынан хабардар ете отырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

   Оқырман көзайымына айналған тырнақалды туындыларынан мысал келтіріп, шығармашылығын әлі де шыңдай түсетіндігін жеткізді. Жазушының өмірдің өзінен өрілген әзіл әңгімелері, сан алуан тақырыптағы хикаяттары әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен.

   Одан әрі басылымның экономика және ауылшаруашылық бөлімінің редакторы, «AQJOL» газетінде талай жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан журналист Аманкелді Әбіл сөз алып, қазақ патриоттарын тәрбиелеудегі ұлттық әдебиетіміздің орны ерекше екендігін тілге тиек етіп, оқырмандарды газет оқуға шақырды.

    Айта кету керек, «Үркер-2020» ұлттық сыйлығына ие болған басылымның тарихы бір ғасырға жуықтаған, газеттің редакторы осы орайда жүйелі жоспар құрылып, қазірден іс-шаралар жоспары қолға алынғанғандығын жеткізді.

   Онлайн сұхбатта цифрлық дәуірдегі басылымның жаңа бағыты, әлеуметтік желімен жұмыс, заманауи журналистиканың өзекті мәселелері талқыланып, онлайн оқырмандар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды.

Яндекс.Метрика