Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Жарты ғасырлық жарқын кезең

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әлеуметтік желі парақшаларында тележурналист, «Jambyl» телеарнасының директоры Мейіржан Әлібекұлымен «Жарты ғасырлық жарқын кезең» сұхбат ұйымдастырылды.

   Онлайн сұхбатта көгілдір экранның ар жағындағы телеарнаның тыныс-тіршілігі, журналистерге қойылатын талаптар, эфир өткізілетін студияның дайындық жұмыстары, меншікті бағдарламалардың бағыты, «Jambyl» телеарнасының жаңа келбеті, естен кетпес естеліктері, жеткен жетістіктері сөз болды.

   Сондай-ақ, тікелей эфир барысында  Мейіржан Әлібекұлы өзі оқыған соңғы әдебиеттермен бөлісіп, Бауыржан Ширмединұлының «Қалаға хат» өлеңін оқып берді. Онлайн оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, отбасы, еңбек жолы жайында да боямасыз әңгіме өрбітті.

   Телеарнаның тізгінін ұстап, талай еңбегі сіңген ардагерлерге де жеке-жеке тоқталып, кейінгі жас журналистерге қояр талаптарын да жасырмады. Қырағылық – басты басымдық екендігін айта келе, цифрлық дәуірде ғаламтордың дамыған кезеңі болса да, білімін шыңдап, алға ұмтылу үшін кітап оқу қажеттігін атап айтты.

   Ерекше форматта өткізілген сұхбатта онлайн оқырмандар телеарна тіршілігіне экскурсия жасап, толық танысу мүмкіндігіне ие болды.

Яндекс.Метрика