Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

БАҚ

Ақынмен өткен әсерлі кеш2023-03-06 17:08:14

    Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында айтыс ақындары және жыршы-термешілер одағы облыстық филиалы мен аталған кітапхана ұжымының жаңа жобасы аясында ақын Есет Досалының «Өлең боп өмір сүремін...» атты жыр кеші ұйымдастырылды.

    Кешке ақынның әкесі, 85 жастағы Жаңабай Досалыұлы Талас ауданынан арнайы келсе, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, әріптестері, кеш иесінің шәкірттері мен студенттері қатысты. Кешті облысқа белгілі...

Толығырақ

Есет ақынның ерекше кеші2023-03-04 17:10:57

   Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыстық «Аq jol » газетінің тілшісі Есет Досалының «Өлең боп өмір сүремін...» атты жыр кеші ұйымдастырылды. Жазба ақындықпен айтыскерлікті  қатар алып жүрген әріптесіміздің бұл кеші Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы облыстық филиалы және аталған кітапхана ұжымының жаңа жобасы аясында өтті.

   Аталған одақтың облыстық филиалының төрағасы Ахметжан Өзбеков жүргізген рухани...

Толығырақ

Кітапханашы2023-03-02 14:01:57

Біз осыдан жиырма жылдан астам уақыт бұрын Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан Гүлсім Тубаеваны көруші едік. Ол кезде қатардағы оқырманбыз. Бұл кісінің жұмысына жауапты, тындырымды кітапханашы екенін сол кезде байқайтынбыз. Ұзақ жылдарын кітапхана жұмысына арнаған маманмен жақында кеңірек әңгімелесудің сәті түсті.

   Гүлсім Құрманбекқызы 1962 жылы 25 қаңтарда Жамбыл ауданы, Ащыбұлақ ауылында (бұрынғы «Пионер» ұжымшары) дүниеге келген. Әкесі...

Толығырақ

Ақын шығармашылығына арналған ай2023-02-15 14:35:54

  Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханада халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатында «Оқитын ұлт» республикалық жобасы шеңберінде өңір  тұрғындарының, әсіресе жастар арасында жергілікті әдебиет туындыларын оқу және насихаттау, өлке тарихын, табиғатын, әсіресе жастар арасында жергілікті әдебиет туындыларын оқу және насихаттау, зияткерлік -рухани дамуына ықпал ету бағытында «Бір өңір - бір кітап» облыстық акциясы аясында поэзия әлемінде өзінің ерекше қолтаңбасын қалдырған...

Толығырақ

Жан жадыратқан жарқын кеш2023-02-15 13:02:44

   Биыл балалар ақыны Совет Әлімқұловтың туғанына 85 жыл толды. Әдебиет айдынында еркін жүзген кең тынысты ақын ауылда жүріп-ақ тұтас елді мойындатып, КСРО Жазушылар одағының мүшесі атанған. Оның мөлдір де тұнық жырлары күні бүгінге дейін әр қазақтың баласының аузында айтылып жүр. Мұзафар Әлімбаев құрастырған «Шынашақ» атты балалар әдебиетінің қаймақтарын топтастырған жинаққа Совет ақынның да енуі оның қаламы қаншалықты қарымды...

Толығырақ

Мажған - жыр, Мағжан - мұң....2023-01-23 17:01:32

 Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаетың - 130 жылдығына орай «Заманынан озған жүйрік ақын» атты жыр-дәру кеші өтті.

   Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Әбдір Гүлзия Әмірәліқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев, аға оқытушысы Көбесова Ақнұр, №...

Толығырақ

Кітап кеңістігіндегі көркем ой2023-01-16 15:32:41

  Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бір өңір - бір кітап» акциясын оқырман назарына ұсынып отыр. Іс-шараның салтанатты ашылуында жазушы, облыстың Құрметті азаматы Елен Әлімжан мен филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ лента қиды. Аталған акцияның қаңтар айы Бауыржан Момышұлының кітаптарын оқуға арналыпты. Ал ақпан айында Совет Әлімқұлов, наурызда Жарылқасын Аманұлы мен Рафаэль Ниязбеков, сәуірде Күләш Ахметова, мамырда Арғынбай...

Толығырақ

Жазушы еңбектері – жастарға мұра2022-12-13 12:01:48

     Көзі тірісінде жамбылдық жастардың әдеби шығармашылығын барынша қолдап, қамқорлық танытқан белгілі жазушы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Несіпбек Дәутайұлының туылғанына биыл 75 жыл толып отыр.

   Артында қалған мол мұрасымен мәңгілік өмірі басталған қаранар қаламгердің шығармалары жастардың арасында үлкен сұранысқа ие. Осы ретте өңір жастары Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында бас қосып,...

Толығырақ

Адамдық пен білім диқаншысы2022-11-29 16:10:56

  2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізе бастады. Қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жас ұрпақты адамгершілік-патриоттық бағытта тәрбиелеуді көздеген акция аясында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында биыл түрлі форматта ақпараттық, көпшілік-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

   Атап айтсақ, кітапханада Ахмет Байтұрсынұлының 150...

Толығырақ

Талас төріндегі тұсаукесер2022-11-22 12:28:49

   Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Баймаханбет Ахметтің есімі көпшілікке белгілі. Осы кезге дейін де оқырмандарына бірнеше кітабын тарту еткен қаламгердің «Жадымдағы жаңғырықтар» және «Күбір» атты екі кітабы жарық керді. Ақынның «Күбір» кітабына лирикалық жырлары, балладалары және поэмалары енгізіліп отыр. Сондай-ақ оқырмандардың И.Бродский, 0. Мандельштам, А. Ахматова, А. Кольцов, Н. Рубцов, Ф. Тютчев, А.Фет секілді айтулы орыс ақындары өлеңдерінің аудармаларымен...

Толығырақ

Дауыс беру

Біздің кітапхананың жұмысын Сіз қалай бағалайсыз?




Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Статистика

Барлық құқықтар қорғалған © 2024

Яндекс.Метрика