Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Кемеңгерліктің 30 жылы: жаңғырған тарих, жаңарған Тараз

   Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастауымен Тараз қаласындағы «Төрткүл» керуен сарайында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кемеңгерліктің 30 жылы: жаңғырған тарих, жаңарған Тараз» кітап инсталляциясын ұйымдастырды.

   Қала тұрғындары мен жастарды кітап оқуға баулу, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған кітап инсталляциясында тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы кітаптар және тәуелсіздік жылдарында жарыққа шыққан жергілікті 30 автордың туындыларының макеттері мен кітап түпнұсқалары ұсынылды.

 

 

 

 

Яндекс.Метрика