Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Еңбегімен еленген тау тұлға

    «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы аясында Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Хантау ауылдық кітапханасы Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың туылғанына 125 жыл толуына орай малшылардың маршалы атанған Жаз атаның өнегелі өмір жолын кеңінен насихаттау, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу еңбек сүйгіштікке баулу, туған жерге деген сүйіспеншілін арттыру мақсатында «Еңбегімен еленген Тау тұлға» құрмет кешін ұйымдастырды.
    Іс-шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз кезегі Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова мен Хантау ауылдық округінің әкімі Ануар Жұматайұлына беріліп, құрметті қонақтар ұйымдастырушыларға ізгі-тілектерін жеткізіп, сәттілік тіледі.
    Одан әрі ұйымдастырушылар тарихқа бай, жыр-дастандарға арқау болған киелі қасиетті Мойынқұм жерінің тарихымен таныстыра отырып, Мойынқұмнан шыққан атақты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың өмір жолы мен шығармашылығынан сыр шертетін ақпараттар ұсынылды.
    Құрмет кешінде Жаз-Атаға арналған арнау оқылып, одан әрі «Мойынқұм вальсі», «Мойынқұмда»,«Айдарлым», «Жазылбекшілер маршы» әндері шырқалып, «Саржайлау» биі орындалды.


 

Яндекс.Метрика