Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім!

    Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ең үздік ауыл кітапханасы» облыстық байқауы ежелден-ақ жергілікті жұрттың құтты қонысы болған, шежіреге, қат-қат дерек пен қилы-қилы аңызға толы киелі Шу өңірінде жалғасуда.

    Бүгін Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Мойынқұм ауылдық кітапханасы өз оқырмандарын отаншылдық пен елжандылыққа, бірлік пен ынтымаққа жетелеп, болашаққа сеніммен қарап, тәуелсіз елін мақтан тұтуға баулу, егемендіктің мәнін ұғындыру, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім!» әдеби әуенді кеш ұйымдастырды.

 

Яндекс.Метрика