Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Ақын – елдің ардағы

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өлеңдері поэзиясүйер қауымның жүрегіне жол тапқан ақын Дәурен Берікқажыұлымен «Ақын – елдің ардағы» кездесу кеші өтті.

   Кездесу кешінде ұйымдастырушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша ақпарат беріп, одан әрі кеш иесімен әдемі әңгіме өрбітті.

   Дәурен Берікқажыұлы шығармашылық жолындағы ізденістері, қазіргі атқарып жатқан қызметі, алдағы жоспарларымен бөлісіп, жаңа жыр жинақтарымен қалың оқырманды қуантатынын жеткізді.

   Іс-шара барысында қонақ кәде дәстүрі бойынша жиналғандарға әсем жырларынан шашу шашып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

   Кітапхана директоры Эльмира Елеусізқызы талант иесіне ізгі-тілектерін білдіріп,  шығармашылық жолына табыс тіледі.

 

Яндекс.Метрика