Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Жұмадағы жүздесу

   «Парасат жолы – адалдықтан басталады»

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында еркін форматта «Жұмадағы жүздесу» кездесу кеші ұйымдастырылды.

   Кездесуге департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Қ.Төлендиев, департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, ғылым кандидаты, С.Исматова, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы, «Талдау» социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Әлмұратов, Жамбыл облыстық мешітінің наиб имамы Е.Аманбаев, Жамбыл облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық ұйымының төрағасы Е.Мағзымбеков, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім басшысы А.Шайділдаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің үйлестірушісі А.Жақсылықов, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысының м.а. Ж.Зұлпыхар, «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі А.Жақсылық қатысты.

   Кездесу барысында Қ.Төлендиев «Парасат жолы» жобасы бастау алғандығы, жоба аясында адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын кеңінен насихаттау керектігін және жобаның алдағы уақытта тұрақты түрде өтіп тұратынын жеткізді.

 

Яндекс.Метрика