Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Ауған асуында от кешкендер...

   «Парасат жолы» жобасы аясындағы жұмадағы кездесу өз жалғасын тауып, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай «Ауған асуында от кешкендер...» кездесу кеші өтті.

   Кездесуге кешіне ауған соғысының ардагері, Тараз қалалық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының жетекшісі Дүкенбай Ермеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Қасымхан Төлендиев, департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Айбек Таутен қатысты.

   Іс-шарада ауған соғысының ардагері Дүкенбай Сайлаубекұлы отты жылдардағы от кешкен оқиғаларымен бөлісіп, бейбіт өмір сүріп жатқан жастарды елінің егемендігін құрметтеуге, Отанының патриоты болуға шақырды.

   Әрі қарай Тараз техника және бизнес колледжінің студенттері Ақерке Доланова мен Аружан Хадилова, кітапхана қызметкерлері Ұлжан Тыныбекова мен Асыл Айдаровалар Ауғанстан тақырыбындағы өлең шумақтарын жатқа оқыды.

   Қатысушылар «Парасат жолы» жобасы әрі қарай ауылдық округтерді жалғасын табатындығын, сонымен қатар жобаның басты мақсаты – жас ұрпақты жастайынан мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық, адамгершілік секілді құнды қасиеттерді бойларына сіңіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу екендігін айтып, ізгілікке жол көрсететін осындай игі іс-шаралардың қатарын көбейтуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Яндекс.Метрика