Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Алда атқарылатын шаруа көп

    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты кезекті жолдауы сын кезеңде жарияланып, алдағы бағытты бағдарлап берді. Жолдауда көтерілген барлық мәселе өзекті, елімізді экономикалық, әлеуметтік дамыту, пандемия және сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары, қоғамдық бақылауды күшейтіп, билік пен азаматтардың жауапкершілігін арттыру, білім беру ісіне аса назар аударды. Жолдауда «Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды», - деп халқына алғысын білдіріп, қолдауын көрсетті.

    Президент Жолдауда нақты жұмыстарды тапсырып, алдағы уақытта атқарылатын шаруалардың көп екенін жеткізді. Көңілге қуаныш ұялатқаны - білім саласына аса назар аударып, мұғалімдердің айлығын 25 пайызға өсетіні.

    Сын сағатта серпін берген Жолдаудағы тапсырмаларды бірге орындап, ел мәдениетін, әдебиетін дамыту жолында жұмыс істейміз.

 

Эльмира АБДИНОВА,

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми

кітапханасының директоры.

Ақ жол. - 2020 жыл. - 7 қыркүйек (№104). 3 б.

Яндекс.Метрика