Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Санаға сілкініс керек

    Әдетте, біздің көзіміз еліміздегі саяси ахуалға, экономикалық жағдайды түзеуге арналған мемлекеттік ұзақ мерзімді бағдарламаларға әбден үйреніп қалғанын жасыра алмаймыз. Ол дұрыс қой. Әрине, «Алдымен - экономика, одан кейін - саясат» деген ұстанымның көкейге қонатыны жасырын емес. Әлеуметтің әлеуеті көтерілмей, мемлекеттің мәртебесі биіктемейтіні де әлімсақтан аян ғой. Мұны ешкім жасыра алмайды. Сол себепті де экономика мен ішкі және сыртқы саясаттың мемлекет ұстанар басты бағытқа айналмағы мақұл дер едік.

    Әйткенмен бұл дегеніміз мемлекетіміз ұлттық сана, тарих, руханият салаларына тәу етер тәуелсіздікке кол жеткен жылдары ден қоймады дегенді білдірмейді. Қайта қарқынды жұмыстар атқара білді. Бір ғана «Мәдени мұра» секілді көптеген бағдарламалар билік басындағылар мен олардын қасындағылардың елдің рухани өміріне бейжай қарай алмайтындығының айқын көрінісі болғанын бәріміз сезінеміз, түйсінеміз. Иә, ғажап құтқа айналған азаттық жылдарында елімізде бұл бағытта да ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды.

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Ұлы Даланын жеті қыры» жазбасы көптің көкейінде жүрген мәселелерді қамтығаны талас тудырмайды десек, қателесе қоймаспыз. Тарихи сананы жаңғыртудың төте жолына айналған «Ұлы Даланың жеті қырындағы» басымдықтар кім-кімді болсын, ойландырды, толғандырды. Ойландырып қана қоймай, сол бағытта талмай тер төгуге, аянбай еңбектенуге жұмылдырды. Өйткені ондағы құнды ойлар мен тамаша идеялар адамдарды қанаттандырады, шабыттандырады. Жаңа жобаларды қолға алуға жетелей түседі.

    Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аталмыш мақаласындағы «Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты тарау бүгінде өзінің өміршеңдігін байқатып отырғаны рас. Оған ешкімнің таласы жоқ деп білеміз.

    «...Өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және ДжорДж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр.

    Ұлы Дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын әкелді. Сондықтан біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек», - деген жолдар кім-кімнің де көкейінде сайрап тұрғаны жасырын емес.

    Өңірімізде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» атты Елбасының бағдарламалық мақалалары аясында атқарылып жатқан ауқымды істер аз емес. Әр саланың өкілдері осы бағыттағы жұмыстардың жандана түсуіне қолдарынан келгенше жұмыстанып жатқаны айтпаса да белгілі. Оны біз күнделікті өмірде де көріп, біліп жүрміз. Сол қатарда Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы да бар.

    Сөз жоқ, біздің кітапханамыз алдымен руханият ордасы болғандықтан қызметкерлеріміз бірінші кезекте оқырмандардың рухани сұранысын қанағаттандыру мақсатында талмай тер төгетіні түсінікті ғой деп ойлаймын. Содан да болар, «Өлең - кие, өлең - өре, өлең - рух» секілді еркін тақырыптарда ұйымдастырылған поэтикалық әдеби буриме көпшіліктің көңілінен шықты десек, еш қателесе қоймаспыз. Әдеби буримеге қатысушылар өзіне ұнаған тақырыптардағы өлеңдерін оқып, бейнероликтер жасалып, онлайн форматта оқырмандар назарына ұсынылды. Біздің байқағанымыз, мұндай іс-шара оқырмандарымызға ұнайды екен. Оған дәлел - онлайн форматтағы іс-шараны аз уақыт ішінде 5800 оқырманнын қарағаны. Бұл дегеніміз біздің тұрақты оқырмандарымыз қандай жағдайда да бізден іргесін алыстатпайтынын білдіреді.

    Бұдан бөлек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жастарға оқуға ұсынған 30 кітабының тізімі жарияланып, онлайн форматта оқырмандарға ақпарат беру мақсатында әр кітаптың мазмұнына жеке-жеке видео арқылы сипаттама берілген болатын. Оны шамамен 2200 көрермен тамашалағанын да айта кеткен жөн. Мұның өзі біздің кітапхананың оқырмандарының белсенділігін көрсетсе, танытса керек. Қысқасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шараларға халықтың бейжай қарамайтыны бізді қуантады.

    «Дәстүрді дәріптейік» жобасынын да түсінгенге маңызы зор екені ақиқат. Аталмыш жоба шеңберінде қазақ халқының ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерін қайта жаңғырту - басты мақсатымызға айналды. «Ата-баба дәстүрі - жас ұрпаққа аманат» тақырыбында түрлі тақырыптардағы құнды ақпараттар әлеуметік желілерге жарияланды, бұл іс әлі де жалғасын тауып келеді. Мұнымен қоса, даналық сөздер мен қазақ афоризмдері, қазақтың мақал-мәтелдері әлеуметтік желілерде тұрақты түрде салынып жатыр. Белсенді оқырмандарымыз бұл жұмыстарымызға да өздерінің лайықты бағаларын беруде. Атап айтсақ осы бағыттағы жұмыстарымызды 7400 оқырман тамашалап үлгергенін мақтанышпен айтамыз.

    Межелі мерзімде біздің кітапхана қорына түрлі кітаптар сыйға тартылды. Атап айтсақ, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры - 40, «Қазакстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты» - 20, Қазақстан қор биржасы - 2, «Ваurzhan foundation» жеке қоры - 2, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті баспа үйі - 4, Қазақстандағы Конрад Аденауэр қорының өкілдігінен - 4, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы —10, ҚР Ұлттык ұланы 5513 әскери бөлімі -1, «Баймұрат батыр ұрпағымыз» қоғамдық қоры - 2, облыстық «Знамя труда» газеті - 70, жеке тұлғалар 56 кітапты ұсынды.

    Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.

    Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.

    Мәселен, «Ауылым - әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл - мағынасы өте терең сөздер.

    Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды», - деген болатын. Осының өзі біздің туған жерімізді қалай қадірлейтінімізді, қалай құрметтеуге тиісті екендігімізді айқындап тұрған жоқ па?

    Сол «Туған жер» жобасы аясында да өнірімізде көптеген іс-шаралар қолға алынған болатын. Нақтырақ айтсақ, «Егемен Қазақстан» газетінің облыс бойынша меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының директоры, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар  фестивалінің лауреаты, ақын Хамит Есаманның қатысуымен «Ғашық болып өлең жазсаң жетістік...», жас ақын Данияр Әлімқұлдың қатысуымен «Жүрек хаттары», жас ақын Арайлы Жақсылықпен «Қауырсын қалам», ақын, «Aq jol» газетінің бөлім редакторы,( облыс әкімі сыйақысының, облыстық, республикалық бірнеше әдеби байқаулардың жүлдегері Табиғат Абаилдаевпен «Миллениум», ақын-журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері Есет Досалының қатысуымен «Балалық-балдәурен», республикалық Жұматай Жақыпбаев, Серік Томанов атындағы мүшәйралардың жүлдегері, облыстық «Арай» газетінің «Мәдениет және өнер» бөлімінің редакторы Нұржан Қадірәлімен «Әдебиет және періште», жас ақын, психолог Марал Хантөреқызымен «Өлең мен Өмір», жас ақын Нұрлан Әбдікәріммен «Тыңда, дала, үнімді!», жас ақын Ғайникен Маралтайқызымен «Арманшыл қыз едім, аспаннан іздер аңсарын», ақын Қуаныш Қолхаевпен «Анаға хат», ақын-сазгер Олжас Отармен «Жүректі жүрегімен тербеткен», ақын, журналист, аудармашы, облыстық, республикалық жыр мушәйралардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Баймаханбет Ахметтің қатысуымен «Өмір-өлең», жас ақын, бірнеше мүшәйралардың жүлдегері Наурызбек Саршамен «Сары ақыннын сағынышы», жас ақын Аружан Қуатқызымен «Айтыс - ғасырлар жемісі» тақырыбындағы онлайн кездесулер, ақын, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, Кеңшілік Мырзабеков атындағы сыйлыктың лауреаты Жұлдыз Бейсектің «Іңкәр-Ғазал» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш іс-шараларды онлайн форматта жалпы саны 25100 оқырманымыз көрді. Осыншама оқырманның руханият әлеміне баса ден қойып отырғаны кітапхана жұмысының жемісті екенін көрсетсе керек-ті.

    Облысымызда есімдері елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері де жеткілікті. Олармен де тұрақты түрде кездесу кештері ұйымдастырыдып тұрады. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қайырбек Асановтың 75 жылдық мерейтойына орай «Адалдық-асыл мұратым» атты ақынмен сырласу кеші өтті. Іс-шараға 50 оқырман қатысып, белсенділік танытты. Мерейлі Меркі ауданында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі» белгісі мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, бірнеше республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері, қаламы қуатты, өлендері әлі күнге дейін жұрттың ерекше ықыласына бөленіп жүрген ақын Шырын Мамасерікованың 75 жылдық мерейтойы аясында «Жүрек лүпілінен туған өлең» атты әдеби гротеск кеші етіп, оған 150 оқырман қатысқанын да айта кеткеніміз жөн.

    Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Акпарат саласының үздігі», «Мәдениет саласының үздігі», ақын-журналист Ғайни Әлімбекқызының қатысуымен- «Халықтан алғын батаны», «Ақпарат саласының үздігі», Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі, ҚР театр қайраткерлері Одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, тұнық лирикасымен талайлардың жүректерін жаулаған ақын-жазушы, сазгер Үміт Битеновамен «Көңіл күнделігі», жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Көсемәлі Сәттібайұлымен «Сөз майданының сардары», тарих ғылымдарының кандитаты, доцент Сейдахан Бақторазовпен «Мәңгілік мұң-шерлі шемен»,«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға қызметкері Әлімбай Найзабаевпен «Ғылымға ілтипат - ғалымға құрмет», журналист Ерман Әбдиевпен «Елдің жанашыр перзенті», отбасы күніне орай «Отбасын қолдау мектебінің» маманы, журналист Маржан Рақаймен «Отбасы - ұлт рухының айнасы» тақырыбында онлайн кездесу және сұхбаттар өткізілді. Аталмыш іс-шараларды жалпы саны 17500 окырман қарады. Бұл да нақты істің жемісі деп білеміз.

    Өңірімізде атқарылып жатқан мәдени, рухани іс- шаралардан үкіметтік емес ұйымдар да шет қалған емес. Олар да тұрақты түрде белсенділік танытып келеді. Атап айтсақ, облыстық «Jas Otan» Жастар қанатынын ұйытқы болуымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Абай - ұлы тұлға, ақыл - ойдың алыбы» онлайн кітап көрмесі өткізілді. Сондай-ақ «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында да іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбекпен «Еліміздің тірегі - бүгінгі жастар» тақырыбында өткен онлайн кездесуге де қызығушылық танытқан оқырмандар аз болған жоқ. Жалпы осы іс-шаралардың барлығын 3100 оқырман онлайн форматта тамашалады.

    Белгілі кәсіпкер, «Рысбаева және К» ЖШС-ның басшысы Сәуле Рысбаевамен «Елбасымен жарқын жүзді жеті жүздесу», облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Зарина Қуатовамен «Рухани жаңғыру - біздің бірегейлігіміздің тарихы», «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» акционерлік қоғамының көшбасшы-кеңесшісі Дамира Қасқырбаймен «Баспаналы болудың тиімді тетіктері», аға оқытушы Зере Смаиловамен «Психологиядағы тұлға мәселесі» атты психолог кеңесі онлайн сұхбаттары өткізілді. Бұл кездесуді де көрермендеріміз белсенділікпен қарағанын айта кеткен ләзім.

    «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы Рахат Мейірханұлынын қатысуымен «Қазақстандағы бірегейлік пен бірліктің қалыптасу маңызы» тақырыбында онлайн жүздесу, «Қазақстан - ортақ үйіміз» онлайн Достық фестивалі де ұйымдастырылды.

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын кеңінен насихаттау бағытын ұстанған «Телегей ойдың теңізі» жобасы аясында кітапхананың ұйымдастыруымен облыстан шыққан ақын-жазушылармен онлайнда кездесулер өткізіліп, талант иелерінің шығармаларына арналған 33 арнайы слайд пен бейнероликтер жасалып, әлеуметтік желіге жүктелді. Нәтижесінде бұл жұмыстар 11500 қаралым жинады.

    «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі» жобасы аясында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, Қазақстан халқы тілдері күніне орай облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту» орталығының әдіскері Перизат Махановамен «Мемлекеттік тіл - ел тұтастығының кепілі» тақырыбында кездесу өтті. Оны 544 окырман көргенін айта кеткен дұрыс.

    «Құқықтық мәдениет» жобасын да ілкі сәтке есімізден шығарған жоқпыз. Нақтырақ айтсақ, Жамбыл облысының заң палатасы, «Қорғау» заңгерлер орталығының заңгері Баян Құрбановамен «Конституция - кемелдік кепілі» тақырыбында вебинар, «Конституция - ел жаңғыруының негізі» тақырыбында скринкаст ұйымдастырылды. Оның жалпы қаралымы 2802-ге жетті.

    «Еңбек түбі - береке» жобасы шеңберінде де бірқатар жұмыстар тиянақталды. Қаржы саласының маманы Дәулетбай Қантайұлының қатысуымен «Еңбек түбі-береке» тақырыбында кездесу кеші өтті. Мазмұнды өткен бұл іс-шараны жалпы саны 1890 адам онлайн түрде көріпті.

«Жана гуманитарлык білім. 100 жаңа оқулық» жобасын да назардан тыс қалдырмадық. Осы орайда кітапхананың кітап қорына қазақ тіліне аударылған 11 оқулық келіп түсті. Олар:

1. Стивен Р.Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы: Тұлғаны дамытудын тегеурінді тетіктері»;

2. Куратко Дональд Ф. «Кәсіпкерлік: кәсіпкерлік, процесс, практика». 10- басылым;

3. Джонстон Д. «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін»;

4. Харари Ювал Ноаһ. «Sacpiens: Адамзаттың қысқаша тарихы»;

5. Харари, Ювал Ноаһ. «Нomo Deus Болашақтың қысқаша тарихы»;

6. Харари, Ювал Ноаһ «XXI ғасырға - 21 сабақ»;

7. Аронсон Э. «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметгік психологияға кіріспе» 10 басылым;

8. Армстронг Карен. «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс»;

9. Бернард Алан. «Антропология тарихы мен- теориясы»;

10. Фромкин Виктория. «Тіл біліміне кіріспе»;

11. Шваб Клаус. «Төртінші индустриялық революция».

    Айта кету керек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында оқырмандар тақтада ұсынылған кітаптардың ішінен өздерін қызықтырған әдебиеттердің мемлекеттік тілге аударылғандарын оқулықтардың QR коды арқылы сканерлеп, кітаптың сілтемесін алу мүмкіндігіне ие болады.

     «Архив-2025» бағыты аясында да айтарлықтай жұмыстар қолға алынған болатын. Атқарылған іс- шаралардың бірі ретінде Тараз қалалық мемлекеттік архивінің директоры Нұрхат Серікбаевпен «Архив - тұнған тарих» тақырыбында онлайн сұхбат өткенін айта кеткеніміз жөн.

    «Ұлы Даланың ұлы есімдері» жобасы аясында да бірқатар шаруалар тындырылды. Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» кітапханалық жобасы аясында Жамбыл ауданы Айша бибі, Қордай ауданы Қарасу, Масаншы, Әлжан ана ауылдық кітапханапарында Әбу Насыр әл- Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Ғылым - шындық, сопылық - сұмдық. Бұл - ақиқат...» әдеби постулат өткізгенін де айтап өткіміз келеді. Бұл іс- шараны жалпы саны 300 оқырман онлайн түрде көрді. Иә, осылайша біз өз тарапымыздан бағдарламалық мақалаларда айтылған міндеттерді жүзеге асыруға бар күшімізді салудамыз.

    Кітапханада «Әл-Фараби - өркениет ойшылы» тақырыбында философиялық-танымдық іс-шарасы, «Әбу Насыр әл-Фарабидің трактаттары» онлайн оқулары өтті. Аталған іс-шаралар барысында виртуалды көрме жасақталып, ғұламаның трактаттары оқылды, жазылған деректер мен зерттеулерге шолулар жасау арқылы оқырмандарды ғұламаның шығармашылығымен таныстыру жұмысы да назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ әл-Фарабидің шығармашылығын насихаттау мақсатында «Әл- Фараби - шығыстың ғұлама ғалымы» бейнехроникасы күнделікті ұйымдастырылып, әлеуметтік желі парақшаларына үздіксіз орналастырылуда. Бүгінгі күні бұл жұмыстардың жалпы қаралымы 3100-ге жетіп отыр.

    Адамзат ақыл-ойының алыбына телінген ақын, ұлт мақтанышы ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай жыл басынан бері түрлі мәдени іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Нақтырақ айтар болсақ, кітапханада «Абай мұрасы» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Абай жолы - ұлы туынды» тақырыбында онлайн әдебиет әлеміне сапар шектік. «Абай жүрген ізбенен...» тақырыбында онлайн Абай оқулары өтіп, кітапханашылар мен оқырмандар Абайдың әндерін шырқап, өлеңдерін, қара сөздерін оқып, кітап көрмесіне онлайн шолулар жасаған болатын. «Абай күні» аясында кітапхана қызметкерлері Абай ескерткіші жанында «Абай мұрасы» кітап көрмесін ұйымдастырып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Кітапхананың әлеуметтік парақшаларында «Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты Абай оқулары, «Абай дана, Абай дара тұлға» тақырыбында оның нақылға айналған сөздері жарияланып, «Абай мұрасы - ұлтымыздың рухани байлығы» виртуалды көрмесі, «Жер-ананы тербеген - Абай жүрегі» Абай іс-шарасы салынды. Осынау іс-шаралар барысында ақынның өлеңдері оқылып, кітап қорындағы әдебиеттерге шолу ұйымдастырылып, ғұламаның даналық ойлары бір күні бойы қойылып отырды. Сонымен қатар республикалық, жергілікті ақпараттық агенттіктерде Абай Құнанбаевтың мерейтойы аясында атқарылған жұмыстардың ақпараттары тұрақты түрде жарияланды. Бұл іс-шарадардың жалпы қаралымы 3500-ді кұрады.

    Иә, біздің кітапхана ұжымы бағдарламалық мақалалар аясындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігін жаксы түсінеді. Содан да болар, Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының фойесінде «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры», «Ұлы Даланың ұлы есімдері» жобасы аясында арнайы фриланс аймағы ұйымдастырылған.

    «Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» жобасын да жадымыздан шығарған емеспіз. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері Ұлжалғас Шаизханқызымен «Мыңжылдықтар мұрасы» тақырыбында онлайн сұхбат өткізгеніміз сөзімізге дәлел бола алады. Бұл сұхбатты кітапханамыздың көзі қырағы 950 оқырманы онлайн түрде көргенін айта кеткеніміз жөн.

    «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы да ұлт руханиятында зор маңызға ие екені сөзсіз деп білеміз. Оған ешкімнің таласы жоқ та шығар. Осы бағытта белгілі күйші, композитор Аман Малдыбаевпен «Ұлттық өнерді ұлықтаушы» тақырыбында, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы директорының орынбасары, Мәдениет саласының үздігі Жандос Омаровпен «Филармония - өнердің қайнар көзі» тақырыбында онлайн сұхбаттар өткізілген болатын. Аталмыш іс- шаралардың жалпы қаралымы 5900-ге жеткені де біздің жанымызды жадыратады.

    Ағымдағы жыл еліміз үшін үлкен сынақ болып тұрғаны мәлім. Коронавирус пандемиясының кесірін руханият ордасы саналатын кітапханалар да сезінді. Содан да болар, еліміздегі барлық кітапханалар секілді біздің ұжым да іс-шаралардың денін онлайн форматта өткізуге мәжбүр болды. Мұның барлығы әрине, дерттен келетін қауіптің алдын алу үшін жасалғаны белгілі. Осылайша қызметкерлер дәстүрлі форматты онлайн форматқа ауыстырды. «Әр жамандықтың бір жақсылығы бар» деген сөз текке айтылмаса керек-ті. Осы онлайн форматтың арқасында біз оқырмандарымыздың белсенділігін тағы бір байқадық десек болады. Олардың қандай жағдайдада руханият ордасынан алыстамайтындықтарын көрсете білгені бізді шын мәнінде қуантты.

    «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу кажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.

    Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.

    Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.

    Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі бәрімізді жігерлендіретіні, баршамызға ой салатыны рас. Шынында да біз жаңғыру атаулыға жалаң ұран ретінде қарамаған кезде рухы өр, тәні бекем елге айналатынымыз ақиқат қой.

    «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» тарауы да көңілге қонымды екенін ешкім жоқка шығара алмас.

    «Қазіргі замандағы халықтардың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алады. Жалпы халықтың санасында фидьмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портрезтерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады.

    Сондықтан тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі- қойылымдық фильмдердін, телевизиялык сериалдар мен толық метражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек.

    Аталған жобалар кең халықаралық ынтымақтастық аясында отандық және шетелдік үздік сценаристерді, режиссерлерді, актерлерді, продюсерлерді және заманауи кино өндірісінің басқа да мамандарын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

    Қызықты әрі мелодрамалық сарындармен қатар, көрермендер үшін танымал фэнтези және шытырман оқиғалы блокбастерлердің элементтерін қоса отырып, жаңа тарихи теле-кинотуындылардың жанрларын барынша кеңейту қажет.

    Осы мақсатпен Ұлы Даланың бай мифологиялық және фольклорлық материалдарын пайдалануға болады.

    Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерскіне назар аудару керек.

    Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз - тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар», - деген жолдар сала мамандарының санасын серпілткені сөзсіз деген ойдамын. Бұл өз кезегінде аталмыш сала мамандарының жұмысын жандандыра түсуге серпін болғаны рас. Оны да сезініп жүрміз.

    Қысқасы, Елбасының «Болашақка бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары - көптеген сала қызметкерлерінің жылдар бойы ұстанар бағдары. Өйткені аталмыш екі жазбада айтылған ойлар жылдар бойы өзінің құндылығын жоймайтыны шындық десек, еш қателеспеспіз. Осы бағыттағы атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың бәрі болашақта зор нәтижесін беретіні де сөзсіз.

Эльмира АБДИНОВА,

Ш.Уәлиханов атындағы

облыстық әмбебап-ғылыми

кітапханасының директоры.

Ақ жол. - 2020 жыл. - 13 қараша (№133). – 6 б.

 

 

Яндекс.Метрика