Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Қыз – ұлттың ұяты

    Жуырда Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Қыз болашағы - ел болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

    Қазақ қызының бойында ұлттық салт-дәстүрімізге сай келетін жақсы қасиеттерді қалыптастыру, инабатты жастарды осы бағытта тәрбиелеуді мақсат еткен басқосуға облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қыз Жібек», «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің «Сырласым» қыздар клубының жетекшілері қатысты. Сондай-ақ ата-аналар мен педагогтердің, студенттердің «Zооm» платформасы арқылы қатысуына мүмкіндік жасалды.

    Шара барысында бірқатар педагогтар мен өз кәсібін дөңгелетіп отырған, отбасына қамқорлықпен қарап, өзгелерге көмек қолын созып жүрген жаны жомарт қыз-келіншектер, ата-аналар сөз алып, тақырыпқа қатысты өз ой-пікірін ортаға салды. Бұрымдыларға керекті ақыл-кеңес беріліп, «қыздардың оқуы қажет» деген кітаптар тізімі айтылды. Бұдан бөлек тұрғындар тарапынан әлеуметтік желідегі парақшаға келіп түскен қыз тәрбиесіне қатысты сұрақтарға жауап берілді.

 

Гүлназ КЕНБАЕВА,

«Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

«Arai». - 19 қараша. - 2020 (№46). - 11б.

Яндекс.Метрика