Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Жастар неге жат ағымның соңында жүр?

    Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жастарды діни сауаттандырып, оларды патриоттық тәрбиелеу, дәстүрлі емес ағымдардан сақтандыру мақсатында орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас иманы Бейбіт Мырзагелдиевтің тікелей қатысумен «Діни экстремизм – ғасыр індеті» тақырыбында онлайн ұйымдастырылды.

    Іс-шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев , облыстық  «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб иманы Нұрәлі Бақытұлы, азаншы Жалғас Жұбатқанов, мешіттің ұстазы Нұрлан Мұрат, әйелдер ұстазы Гүлжан Серікқызы, облыстық «Әжелер алқасының » төрайымы Жәмила Жұмабаева, «Дүн проблемаларын зерттеу орталығының» діни экстремизмге қарсы насихат бөлімінің инспекторы Ақмарал Рәпілбекова және ақпараттық-түсіндіру бөлімінің инспекторы Майя Қамбарова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Дінтану» орталығының бас  маманы Бақтияр Алпысбаев, Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының  тарих, дінтану пәнінің  мұғалімі Кенжекүл Манасова, С.Нұрмағанбетов атындағы №10 мектептің тарих, дінтану пәнінің  мұғалімі  Гүлзағрипа Амиралиева, дінтанушы мамандар мен медресе білімгерлері қатысты.

    Онлайн сұхбат барысында Бейбіт Әліпбекұлы жастардың жат ағым жетегінде кетуінің себебі, дін саласындағы бірқатар өзекті мәселелер, қайырымдылық акциялары, рухани  тәрбиенің негіздері, жаңатылған діни бағдарламалар туралы ақпарат беріп, алдағы жоспарларымын бөлісті.

    Сұхбат соңында бас имам «Muftiyat» баспасынан жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын кітапхана қорына тарту етті.

 

    «Aq jol» - Aqparat - 2021. - 21 қыркүйек (№133). – 6 б.

Яндекс.Метрика