Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Бас имаммен байпты әңгіме

    Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасы жастарды діни сауаттандырып, оларды партиоттыққа  тәрбиелеу, дәстүрлі емес ағымдардан сақтандыру мақсатында орталық «Һибаттулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің қатысуымен онлайн сұхбат өткізді.

    Іс-шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы, азаншы Жалғас Жұбатқанов, мешіттің ұстазы Нұрлан Мұрат, әйелдер ұстазы Гүлжан Серікқызы, облыстық «Әжелер алқасының» төрайымы Жәмила Жұмабаева, Дін проблемаларын зерттеу орталығының діни экстремизмге қарсы насихат бөлімінің инспекторы Ақмарал Берікқызы және ақпараттық-түсіндіру бөлімінің инспекторы Мйя Қанатқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Дінтану» орталығының бас маманы Бақтияр Алпысбаев, Керімбай атындағы  №12 мектеп-гимназиясының тарих, дінтану пәнінің мұғалімі Кежекүл Манасова, С.Нұрмағанбетов атындағы №10 мектептің тарих, дінтану пәнінің мұғалімі Гүлзира Амиралиева және дінтанушы мамандар мен медресе білімгерлері қатысты.

    Онлайн сұхбат барысында Бейбіт Әліпбекұлы жастардың жат ағым жетегінде кетуінің себебі, дін саласындағы бірқатар өзекті мәселелер, қайырымдылық акциялары, рухани тәрбиенің негіздері, жаңартылған діни бағдарламалар туралы ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

    Сұхбат соңында Бейбіт Әліпбекұлы «Muftiyat» баспасынан жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі»  кітабын кітапхана қорына тарту етті.

 

Зере Қуаныш

Jambyl-taraz- 2021. - 22 қыркүйек (№38). – 2 б.

Яндекс.Метрика