Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Еңбек ерінің жолы өскелең ұрпаққа үлгі

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның Еңбек ері, облыстық мәслихаттың депутаты Мұқаш Ескендіровтың қатысуымен «Еңбек Ері – өскелең ұрпаққа үлгі» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

    Шараға М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің химия және химиялық техгология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Халипа Садиева, аталған оқу ордасының «Кәсіптік оқыту», «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру», «Мәдениет және өнер» факультетінің студенттері қатысты.

   Кездесуде кітапхананың арнайы қонағы Мұқаш Зұлқарнайұлы өндіріс саласын толғандыратын өзекті мәселелер, кәсіпкерлікті дамытудың ұтымды жолдары, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі тақырыптарын тереңнен қозғап, эпидемиологиялық жағдайдағы бизнестің қазіргі жай-күін сөз етті.

   Сондай-ақ «Тағдырыма әсер еткен кітап»  республикалық челленджі аясында өзі оқыған, көңіліне тоқыған, өмірін өзгертпесе де, ойын өзгерте алған шығармаларын талқылай отырып, кәсіптік-техникалық мамандықтарында білім алып жүрген студенттерге кәсіпкерлік саласын қатысты кеңестер берді.

 

«Aq jol» - Aqparat - 2021. - 23 қыркүйек (№114). – 4 б.

Яндекс.Метрика