Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Жаңалықтар

«Еңсесі биік - Ұлы Жеңіс» кітап көрмесі2024-05-08 09:51:03

    Кітапхана 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Еңсесі биік - Ұлы Жеңіс» кітап көрмесін ұйымдастырды.

  Көрмеге Халқымыздың елдік болмысы мен ерлік қасиеті сынға түскен қаһарлы соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың қосқан үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы материалдар, сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, қазақ батырларының каһармандықтарын баяндайтын кітаптар оқырман назарына ұсынылды.

Толығырақ

«ЕЛІН ҚОРҒАУ - ЕРГЕ СЕРТ!» КІТАП КӨРМЕСІ2024-05-06 17:19:31

   Кітапхана 7 мамыр - Отан  қорғаушылар күніне орай «Елін қорғау - ерге серт!» тақырыбында  кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден...

Толығырақ

«ҰРАНДЫ ЕРДІҢ ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР» МЕРЕКЕЛІК КЕШ2024-05-06 17:04:53

  Кітапхана 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды ердің ұрпағы қайсар» мерекелік кеш ұйымдастырды.

  Мерекелік кешке арнайы шақырылған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының оқытушысы Оңалбеков Құрманбек Әділбекұлы егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтап, кешті Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің әншісі Балтабай Аяжан «Айналдым, елім»...

Толығырақ

Кітапхана ұжымы 9 мамыр - Жеңіс күніне орай Еңбек және тыл ардагерін мерекемен құттықтады2024-05-06 11:22:44

  Кітапхана ұжымы 9 мамыр - Жеңіс күніне орай Еңбек  және тыл ардагері,  II - дәрежелі Отан соғысы орденімен мерекелік медальдарының иегері Валентина Константиновнаны мерекемен құттықтап, ізет көрсетті.

   Ардагер 1942 жылы  Мәскеуден Жамбыл облысына қоныс аударған. Жамбыл қалалық прокуратурада хатшы, прокурордың көмекшісі болып жұмыс жасаған. 96 жасқа келген Валентина Константиновна 2 қыз тәрбиелеп, одан 5 немере 1...

Толығырақ

«Рейхстагқа ту тіккен Батыр» ерлікке тағзым2024-05-03 16:25:42

  Кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің  85395 әскери бөлімінде Тараз өңірлік университетінің студенттері мен сарбаздардың қатысуымен  халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жыл толуына орай «Рейхстагқа ту тіккен Батыр» ерлікке тағзым кешін өткізді.

  Кеш барысында сұрапыл соғыста ерліктің үлгісін көрсетіп, рейхстагқа ту тігіп, алғаш рет ұлы жеңістің жалауын желбіреткен батырдың ерлік істері,  өмірбаяны, балалық шағы, әскердегі кезі, майдандағы түрлі...

Толығырақ

«Қарымды қаламгер және ұшқынды әзіл иесі» сұхбаттасу кеші2024-05-02 14:58:20

 Бүгін кітапхана облыс әдебиетіндегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында жүзеге асырылып отырған «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында «Қарымды қаламгер және ұшқынды әзіл иесі» тақырыбында Қазақстан Жазушылар және Журналисттер Одақтарының  мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі», Мәдениет және ақпарат министрінің екі мәрте, Жамбыл облысы әкімінің үш мәрте...

Толығырақ

«Татулық - достықтың киелі бесігі» әдеби шаңырақ2024-04-30 14:36:36

  1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күніне орай кітапхана «Татулық - достықтың киелі бесігі» тақырыбында әдеби шаңырақ ұйымдастырды.

   Іс-шараға «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бірлік» қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігінің Узденова Леля Ахматовна, «Ұйғыр» этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрайымы Турдыева Мухаббат Абдрахмановна, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Шілдебаева Жазира Мейрамбекқызы қатысты.

   Қонақтарымыз...

Толығырақ

«DIOR ҮЙІНІҢ ШЫҒЫС ІНЖУ-МАРЖАНЫ» БЕРЛИН КЕНЖЕТАЙҰЛЫ ИРИШЕВТІҢ «МУЗА ДИОРА. ЗАГАДКА АЛЛЫ ИЛЬЧУН» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ2024-04-29 11:52:57

 Тараз төрінде өтіп жатқан ең ауқымды халықаралық сән апталарының бірі - «ASPARA FASHION WEEK» аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы экономика ғылымдарының докторы, дипломат, Франциядағы қазақстандықтар Ассоциациясының президенті Берлин Кенжетайұлы Иришевтің «Муза Диора. Загадка Аллы Ильчун» кітабының тұсаукесерін ұйымдастырды.

 Кітап авторының тікелей қатысуымен өткен іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен келген белгілі киім дизайнерлері қатысты.

  Кітапта бір...

Толығырақ

«АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ2024-04-26 15:27:14

   Фестивальде ҚР ҰАК Бас директорының ақпараттық ресурстар бойынша орынбасары Жолдыбалинов Нұржан Нұрланұлы және Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапхана директорының орынбасары Петр Лапо кітапханашыларға «АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушы қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

...

Толығырақ

«Кітапханашы мамандығының позитивті имиджі» тақырыбында тренинг 2024-04-26 15:20:57

 Фестиваль қатысушыларына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының міндетін атқарушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, орта білім мазмұнын жаңарту бойынша тренер, психологиялық ойындарды өткізу тренері Тойганбекова Шынар Малимбайқызы «Кітапханашы мамандығының позитивті имиджі» тақырыбында тренинг өткізді.

Толығырақ

Яндекс.Метрика