Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Жаңалықтар

Адам және жұмбақ " психологиялық тренинг2023-11-14 10:26:42

   Кітапхананың ұйымдастырумен «Дария» мақсаттық клуб мүшелерімен "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, асс/профессор Шынар Майлыбайқызының қатысуымен кітапхана қызметкерлері арасында "Адам және жұмбақ " психологиялық тренинг өтті.

   Психологиялық тренинг барысында қызметкерлердің белсенділігі, көшбасшылық қасиеттері, көпшілікпен қарым қатынас жасау бейімділігін бағалау мақсатында психологиялық кеңестер айтылып,...

Толығырақ

«Кітапханашы-библиограф қызметіндегі медиа-технологиялар және вебиблиография» тақырыбында шеберлік сыныбы 2023-11-10 15:24:13

   Кітапхананың ұйымдастырумен аудандық орталық кітапханалардың ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің библиографтарының қатысуымен  «Кітапханашы-библиограф қызметіндегі медиа-технологиялар және вебиблиография» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.

   Кітапхананың ақпараттық - библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің библиографы қатысушыларға, қызметін жаңадан бастаған жас маман библиографтарды кәсіби бейімдеу  жұмыстарын түсіндіріп,  ары қарай практика жүзінде жұмыс жасап, өзара тәжірибе алмасты.

Толығырақ

«Кітап қорын қалыптастырудың маркетингтік концепциясы» дәрісхана сағат 2023-11-10 15:05:03

   Кітапхана  қызметкерлерінің ұйымдастырумен   арнайы деректер базасын жүргізу негізінде кітапхана қорының есебі мен іріктеу қызметінің тиімділігін арттыру, әдебиеттер мен ресурстар есебінің қозғалысы, іріктеу және кітап қорын ұйымдастыру мақсатында аудандық кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімдері мен библиограф мамандары үшін «Кітап қорын қалыптастырудың маркетингтік концепциясы» дәрісхана сағат өтті.

Толығырақ

«Болашаққа үміт, жастарға сенім» жастар акциясы 2023-11-10 14:35:36

    Кітапхананың ұйымдастыруымен Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі “жастар ресурстық орталығында” 10 қараша – Дүниежүзілік жастар күніне орай «Болашаққа үміт, жастарға сенім» жастар акциясы өтті.

   Кітапхана қызметкерлері іс-шараға қатысқан жастарға дүниежүзілік жастар күнінің тарихына тоқталып, кітапханамыздың кітап қорына жаңадан келіп түскен жастарға арналған Анжела Дакуорт “Табандылық”, Рой Баумайстер Джон Тирни “Ерік-жігер”, Джеймс Клир “Атом әдеттер”,...

Толығырақ

«Сөз сұлтаны – Сұлтанмахмұт» лирикалық кеш 2023-11-07 14:27:12

 Кітапхананың ұйымдастыруымен «Астана» көпсалалы колледжінде  ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай  «Сөз сұлтаны – Сұлтанмахмұт» лирикалық кеш өтті.

 

Толығырақ

«Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» кітапханалық жобасы 2023-11-07 11:43:17

     Кітапханада кітап оқу белсенділігін арттыруға бағытталған «ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық жобасының «Әдеби өлкетану» бағыты бойынша «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» кітапханалық жобасы аясында Қордай ауданында Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің күндері өтті.

  Бағдарламаға сәйкес аудан күндері Қордай аудандық мәдениет үйінің фойесінде Талас ауданы кітапханашылары ұйымдастырған Талас ауданынан шыққан Еңбек ері және Кеңес Одағының батырларына...

Толығырақ

«Талғам мен таным табиғаты» тақырыбында әдеби оқу 2023-11-07 11:36:48

    Кітапхананың ұйымдастыруымен Тараз политехникалық колледжінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Талғам мен таным табиғаты» тақырыбында әдеби оқу өтті.

   Іс-шара барысында жазушының өмір жолы мен қаламынан туындаған төл шығармалары таныстырылды. Одан әрі жазушының шығармаларына арналған кітап көрмесі, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар оқырмандар назарына ұсынылды.

Толығырақ

«Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы Ұлы Жібек жолының алтын арқауында жатқан Жуалы жерінде2023-11-07 10:54:28

   Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Тәттібай Дүйсебай ауылдық кітапханасы «Құт қонып, қыдыр дарыған, қасиетті мекен» атты тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырды.

   Іс-шара барысында алғашқы сөз сөйлеген Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы байқауға қатысушы әріптестеріне сәттілік тілеп, ізгі тілегін жеткізді.

Толығырақ

«Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауының жұмыс тобы Жамбыл жерінде2023-11-07 10:50:13

   Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Ащыбұлақ ауылдық кітапханасы халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қалагерлердің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында «Туған жердің тарландары» әдеби-сазды кешін ұйымдастырды.

Толығырақ

«Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы қасиетті де киелі мекен Байзақ өңірінде 2023-11-07 10:41:26

   Байзақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Көктал ауылдық кітапханасы  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Халықаралық журналистер конференциясының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, жазушы-журналист Арғынбай Бекбосынның шығармашылығына арналған  «Шоқтығы биік ұлы тұлға» еске алу кешін ұйымдастырды.

   Іс-шарада жазушының «Фәнилік драма» атты кітабынан рубаяттары оқылып, «Азамат. Жазушы. Қайраткер» тақырыбында вертуалды кітап көрмесі ұсынылды.

Толығырақ
Яндекс.Метрика