Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

БАҚ

Жан жадыратқан жарқын кеш2023-02-15 13:02:44

   Биыл балалар ақыны Совет Әлімқұловтың туғанына 85 жыл толды. Әдебиет айдынында еркін жүзген кең тынысты ақын ауылда жүріп-ақ тұтас елді мойындатып, КСРО Жазушылар одағының мүшесі атанған. Оның мөлдір де тұнық жырлары күні бүгінге дейін әр қазақтың баласының аузында айтылып жүр. Мұзафар Әлімбаев құрастырған «Шынашақ» атты балалар әдебиетінің қаймақтарын топтастырған жинаққа Совет ақынның да енуі оның қаламы қаншалықты қарымды...

Толығырақ

Мажған - жыр, Мағжан - мұң....2023-01-23 17:01:32

 Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаетың - 130 жылдығына орай «Заманынан озған жүйрік ақын» атты жыр-дәру кеші өтті.

   Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Әбдір Гүлзия Әмірәліқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев, аға оқытушысы Көбесова Ақнұр, №...

Толығырақ

Кітап кеңістігіндегі көркем ой2023-01-16 15:32:41

  Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бір өңір - бір кітап» акциясын оқырман назарына ұсынып отыр. Іс-шараның салтанатты ашылуында жазушы, облыстың Құрметті азаматы Елен Әлімжан мен филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ лента қиды. Аталған акцияның қаңтар айы Бауыржан Момышұлының кітаптарын оқуға арналыпты. Ал ақпан айында Совет Әлімқұлов, наурызда Жарылқасын Аманұлы мен Рафаэль Ниязбеков, сәуірде Күләш Ахметова, мамырда Арғынбай...

Толығырақ

Жазушы еңбектері – жастарға мұра2022-12-13 12:01:48

     Көзі тірісінде жамбылдық жастардың әдеби шығармашылығын барынша қолдап, қамқорлық танытқан белгілі жазушы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Несіпбек Дәутайұлының туылғанына биыл 75 жыл толып отыр.

   Артында қалған мол мұрасымен мәңгілік өмірі басталған қаранар қаламгердің шығармалары жастардың арасында үлкен сұранысқа ие. Осы ретте өңір жастары Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында бас қосып,...

Толығырақ

Адамдық пен білім диқаншысы2022-11-29 16:10:56

  2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізе бастады. Қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жас ұрпақты адамгершілік-патриоттық бағытта тәрбиелеуді көздеген акция аясында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында биыл түрлі форматта ақпараттық, көпшілік-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

   Атап айтсақ, кітапханада Ахмет Байтұрсынұлының 150...

Толығырақ

Талас төріндегі тұсаукесер2022-11-22 12:28:49

   Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Баймаханбет Ахметтің есімі көпшілікке белгілі. Осы кезге дейін де оқырмандарына бірнеше кітабын тарту еткен қаламгердің «Жадымдағы жаңғырықтар» және «Күбір» атты екі кітабы жарық керді. Ақынның «Күбір» кітабына лирикалық жырлары, балладалары және поэмалары енгізіліп отыр. Сондай-ақ оқырмандардың И.Бродский, 0. Мандельштам, А. Ахматова, А. Кольцов, Н. Рубцов, Ф. Тютчев, А.Фет секілді айтулы орыс ақындары өлеңдерінің аудармаларымен...

Толығырақ

Қара өлеңге құрмет2022-11-22 11:58:45

   Қазір не көп, шығып жатқан кітап көп. Алайда Шу ауданының тұрғыны, ақын Мәлібектің Сәтінің «Дала төсіндегі ән» атты жаңа кітабы жайлы сөз басқа. Бұған дейін Сәт ақынның «Әнші Рахыш», «Тамызда тамған тамшылар», «Жусанды дала жырлайды» жыр жинақтары жарық көрген. Ол кітаптарға Әлдихан Қалдыбаев, Несіпбек Дәутайұлы, Елен Әлімжан сияқты белгілі қаламгерлер алғысөз жазған.

   Ал жаңа кітаптың алғысөзін...

Толығырақ

Жылдарым менің - жырларым менің2022-11-15 12:41:37

   Көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сыршыл да сезімге толы ақындық қырын жамбылдық жұртшылық жақсы біледі. Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымы қайраткер ақынның соңғы жылдары жарық көрген "Өмір ғой соның барлығы", "Қоршаса ойлар", "Жыр жолымен", "Шақырса шабыт", "Өмір бәйге" деп аталатын жыр жинақтарының тұсаукесер рәсімін өткізді. Жырсүйер қауымға қуаныш сыйлаған бұл әдемі кешті кітапхана директоры Элмира...

Толығырақ

Кітаптың көркем әлемі2022-11-14 16:45:44

   Кітап – адам өмірінің рухани құндылығы десек, бұл тұрғыда кітапхана қызметінің маңызы ерекше. Кітапханашыларға да жаңаша көзқарас, тың ізденістер қажет. Ол үшін сала қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасуы да аса маңызды. Облысымызға еліміздің Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Ғазиза Құдайбергенқызы Байзақ аудандық мәдениет үйінде өткен «Кітапханалық тайм-менеджер: кітапхана ақпарат әлемінің провайдері» атты облыстық форсайт сессиясына қатысты.

   Сессия...

Толығырақ

Лирика и философия. Свои книги-монографии представил в Таразе известный общественный деятель, поэт и писатель Свои книги-монографии представил в Таразе известный общественный деятель, поэт и писатель2022-11-03 17:32:33

  В Жамбылской областной универсальной научной библиотеке имени Шокана Уалиханова в рамках республиканского семинара-совещания центрального совета РОО «Организация ветеранов» состоялась презентация книг его председателя, автора пяти монографий,четырех научных отчетов, более 60 научных статей, известного поэта и композитора Бактыкожи Измухамбетова.

   Бактыкожа Салахатдинович Измухамбетов — известный государственный деятель Казахстана, депутат Мажилиса Парламента РК, ныне председатель центрального совета Республиканского...

Толығырақ
Яндекс.Метрика