Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Ақ жол» газеті - ұлттық идеяның ұйытқысы» сұхбат кеші

   Кітапхана  «Журналистика - төртінші билік» кітапханалық жоба аясында «Ақ жол» газеті - ұлттық идеяның ұйытқысы» сұхбат кешін ұйымдастырды.

   Кешке арнайы ақпарат саласының үздігі, ардагер журналист Ақылжан Мамытов, "Ақ жол" газетінің тілшісі, Қазақстан Жазушылар Одағының   мүшесі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Мәдениет саласының үздігі Үміт Битенова, Қазақстан Жазушылар Одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, осы газеттің  бас редақторы, ақын, журналист Есаман Хамит шақырылды. Кеш қонақтары  қазақ журналистикасының мықты мектебінің біріне айналған басылымның тарихына тереңнен тоқталып, қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «AQ JOL» газетінің осы күнге дейінгі естеліктерімен бөлісті.

Яндекс.Метрика