Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Армысың, әз Наурыз» этноауыл кеші

    Бүгін кітапханада Ұлыстың Ұлы күніне орай «Армысың, әз Наурыз» этноауыл кеші өтті.

   Кештің басты мақсаты: қазақ халқының тарихын, ғасырлар дәуірінен мирас болып жеткен ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді көздің қарашығындай аялап, бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіру.

   Кешке арнайы «Махмұт Қашқари атындағы Жамбыл облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Турдыева Мухаббат Абдрахманқызы, Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Зайнутдинов Абдурахман Юлдашұлы, «Жамбыл облыстық «Манас Ата» қырғыз этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Меңдібаев Абзалбек Ахметұлы, «Жамбыл облысы тәжік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Орифов Макхам Джуманазарұлы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Жамбыл облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, бірінші полиция батальонының полицейі, полиция аға сержанты Мирсалов Шарафадин Мурадинұлы шақырылды.

   Этнос өкілдері өз ана тілдерінде құттықтауларын айтып, бір-біріне жақсылық тілеп, кітапханашы қыздар түрлі ұлттың тағамдарын дайындап, таныстырды. Сонымен қатар, Наурыз, көктем жайлы әндер шырқалды.

Яндекс.Метрика