Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Қазақтың Қуандығы

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы тарихы көне Таразбен тамырлас жатқан қасиетті де киелі, шежіреге бай өлке Т.Рысқұлов ауданына бағыт алды.

    Т.Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жаңатұрмыс ауылдық кітапханасы ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, TURKSOI-дың «Мақтұмқұлы» атындағы төсбелгісінің иегері Қуандық Шолақтың 80 жас мерейтойына орай «Қазақтың Қуандығы» кездесу кешін ұйымдастырды.

    Кездесу кешіне Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Рүстем Қырықбаев, мерейтой иесінің немересі, Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Ерсайын Қуандық, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің директоры Көпжасар Ускенбаев қатысып, ізгі-тілектерін жеткізді.

    Одан әрі ақынның «Тұрар толғауы», «Ассалаумағалейкум, оқырманым!» өлеңімен қатар,  Ербол Бергенбектің Тәуелсіздік тақырыбына арналған арнау өлеңдері оқылып, «Біздің елдің жігіттері», «Жаса, қазағым», «Ауылым» әндері шырқалды.

Яндекс.Метрика