Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Қазақ детективінің дарабозы

        Кітапханада  Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қаламгер Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай «Қазақ детективінің дарабозы» проза кеші өтті.

     Аталмыш іс шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы Көбесова Ақнұр, Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахимова Ләйлә сонымен қатар Тараз политехникалық колледжінің 2 курс студенттері қатысты.

     Кеш қонақтары Кемел Тоқаевтың соғыс тақырыбына арналған сүбелі шығармаларымен қатар, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының жолын ашқан қаламы қарымды көрнекті жазушы, оқырманды баурап алар шытырман оқиғалы көптеген роман, повестері туралы тың ақпараттармен бөлісті. Кеш соңында кітапхана қызметкері қаламгердің кітаптарына библиографиялық шолу жасады.

Яндекс.Метрика