Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» кітапханалық жобасы

     Кітапханада кітап оқу белсенділігін арттыруға бағытталған «ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық жобасының «Әдеби өлкетану» бағыты бойынша «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» кітапханалық жобасы аясында Қордай ауданында Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің күндері өтті.

  Бағдарламаға сәйкес аудан күндері Қордай аудандық мәдениет үйінің фойесінде Талас ауданы кітапханашылары ұйымдастырған Талас ауданынан шыққан Еңбек ері және Кеңес Одағының батырларына арналған кітап көрмесімен басталып, сахна төрінде Талас ауданының 95 жылдығына орай «Таулары тарих, даласы дастан Таласым» атты әдеби әуенді мерекелік кешімен жалғасты.

Яндекс.Метрика