Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Болашаққа үміт, жастарға сенім» жастар акциясы

    Кітапхананың ұйымдастыруымен Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі “жастар ресурстық орталығында” 10 қараша – Дүниежүзілік жастар күніне орай «Болашаққа үміт, жастарға сенім» жастар акциясы өтті.

   Кітапхана қызметкерлері іс-шараға қатысқан жастарға дүниежүзілік жастар күнінің тарихына тоқталып, кітапханамыздың кітап қорына жаңадан келіп түскен жастарға арналған Анжела Дакуорт “Табандылық”, Рой Баумайстер Джон Тирни “Ерік-жігер”, Джеймс Клир “Атом әдеттер”, Мирас Күмісбайұлы “Супержады”, Райан Холидей “Кедергіден келешекке”, Мадсен Пири “Пікірталас өнері”, Джен Синсеро “Сен мықтысың”, “Сен табыскерсің”, “ Сен батылсың” кітаптарын таныстырды.

Яндекс.Метрика