Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Тербет елді Тәуелсіздік ұраны» дөңгелек үстел

    Желтоқсан көтерілісінің 37 жылдығына орай  Жамбыл облысы Қазақстан студенттерінің Альянсы Тараз жастары ресурстық орталығы және Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен  бірлесіп «Тербет елді Тәуелсіздік ұраны»  дөңгелек үстел өтті.

    Дөңгелек үстелге ҚР «Желтоқсан көтерілісі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбдіқұлов Мырзағұл  және жұбайы  Әбдіқұлова Қазынагүл, желтоқсан оқиғасына қатысушылар Тауасаров Дүйсенбек, Қалмұрзаев Жеңісбек, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Білім саласының үздігі, «Ерен еңбегі» мен «Бірлік алтын» медалінің иегері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Айгүл Кабиева,  Жамбыл облыстық «Желтоқсан ұшқыны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Кеншінбеков және осы аталмыш бірлестіктің мүшелері Өнетаев Жарылқасын,  Мырзабай Сәкен, Жанат Бекбергенова, Ержан Есимкулов, Ғани Алимқұлов, Мұхтар Шайдаев, Назира Кеңесбаева, Тоқтасынов Қанат, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты доцент Мырзабеков Бақыт, Тараз жастары ресурстық орталығының директоры Есіркепов Абзал қатысып,  желтоқсан көтерілісі тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылатынын, ата-бабаларымыз армандаған бостандық үшін жанқиярлықпен күрескен желтоқсаншылар жайында әңгіме қозғалды. Сонымен қатар ұлт санасын дүр сілкіндірген және қоғамды алға жетелеген желтоқсан оқиғаларының ерекше маңызы бар екенін атап өтті.

Яндекс.Метрика