Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес - қоғамның ісі» құқықтық ринг

   9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай кітапхананың ұйымдастыруымен «ALEM» кәсіби білім беру колледжінің білімгерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - қоғамның ісі» құқықтық ринг өтті.

  Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі - сыбайлас жемқорлық екенін, осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдататынын, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке, үлкен зиянын тигізетіні туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

   Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керектігін, елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында екенін айтты.

Яндекс.Метрика