Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Тәуелсіздікке тағзым» әдеби аншлаг

   Кітапхананың ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздікке тағзым» әдеби аншлаг өтті.

  Іс-шараға Жамбыл облысы «Желтоқсан ұшқыны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кеншінбаев Талғат Дүкенбайұлы, бірлестік төрағасының орынбасары Қалмырзаев Жеңісбек Бейсенұлы, мүшесі Мырзабай Сәкен Нұрмаханұлы, Жамбыл ауданы маслихатының төрағасы Шайдаев Мұхтар Бекзатұлы, Тараз қаласы білім бөлімі Аркадий Гайдар атындағы №35 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Рысмуханова Лаззат Сарсенбайқызы және Жамбыл облыстық мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері қатысып, тарихтың ең қаралы парақтарының бірі - Тәуелсіздік екенін айтып, жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алып, рухтарына құрмет көрсетті. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлері Бәтей Аят, Зауытбек Альбина, Айша бибі орта мектебінің оқушысы Айдаралиева Анель ұлы күнге арналған арнауларын оқып, ұлттық намыстарын өлең жолдары арқылы білдірді.

 

 

 

Яндекс.Метрика