Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНА - 2023» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  ұйымдастырған «Үздік ауылдық кітапхана - 2023» облыстық байқауы өз мәресіне жетті.

   Байқау ережесіне сәйкес өңіріміздің 10 ауданы өз аймағындағы ең үздік деп танылған ауылдық кітапханаларын облыстық кезеңге ұсынып, осы ұсынылған ауылдық кітапханаларды әділқазылар алқасының мүшелері аралап, ішкі жұмыстары, атқарып жатқан қызметтерін жан-жақты зерделеп, көрсетілім іс-шараларын бағалаған болатын.

    Нәтижесінде Жамбыл ауданы, Ащыбұлақ ауылдық кітапханасы «Үздік ауылдық кітапхана - 2023» облыстық байқауының жеңімпазы атанды.

   Ал, жүлделі І орынды Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен және Жуалы ауданы Т.Дүйсебай ауылдық кітапханаларына бұйырды.

   Жүлделі II орынды Шу ауданы Алға және Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылдық кітапханалары иеленді.

 

    Жүлделі III орынды  Талас ауданы Тамды және Сарысу ауданы Үшбас ауылдық кітапханаларыларына бұйырды.

    Одан әрі байқауға қатысып, белсенділік танытқан Меркі ауданы, Мыңқазан ауылдық кітапханасы мен Байзақ ауданы, Көктал ауылдық кітапханасы және Қордай ауданы,  Сарыбұлақ  ауылдық кітапханалары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

    Байқауға қатысушы ауылдық кітапханалардың барлығына арнайы грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Яндекс.Метрика