Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Ақ жалынды, ардақты ақын» еске алу кеші

   Кітапхананың ұйымдастыруымен облыс әдебиетіндегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, өңіріміздің әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында «Ел болып оқимыз» облыстық жобасын жүзеге асырылуда. Осы жобамыздың жаңа 2024 жылдық алғашқы маусымын ақын Серік Томановтың шығармашылығын насихаттау мақсатында шын жазуды, шындықты жазуды серт еткен, тілі түймелі, сөзі күймелі тағдырмен тайталасқан жырлардың авторы Серік Томановтың «Ақ жалынды, ардақты ақын» еске алу кешін ұйымдастырды.

    Еске алу кешіне ақынның жұбайы Бибігүл Оразбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тараз қаласы мен Талас ауданының Құрметті азаматы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, дарынды жазушы, қаламы қарымды журналист, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының «Жамбылтану» бөлімінің меңгерушісі Көсемәлі Сәттібайұлы, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы Тараз қаласы №1 заң кеңсесінің адвокаты Абдулла Бақбергенұлы, Серік Томанов атындағы сыйлықтың иегері Азамат Есалы, Кенен Әзербаев атындағы облыстық филармония әншісі Жасан Тұрсынбайұлы, ақын, облыстық және республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркүн жүлдегері, облыстық «Aq jol» газетінің аға тілшісі Есет Досалы, облыстық «Aq jol» газетінің аға тілшісі, Жазушылар одағының мүшесі Нұржан Қадірәлі қатысып, ақын туралы естеліктерімен бөлісті. Одан әрі өнерімен өрге жүзген ақынның «Аққу», «Қызыл койлек киген қыз» т.б әсем әндерін шырқап, ақындардың жауһар шырларынан шашу шашты.

Яндекс.Метрика