Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

«Жүйрік қалам, жылы жүрек иесі» фэн-бум кеші

    Кітапхана облыс әдебиетіндегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында жүзеге асырылып отырған «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында  Сарысу ауданының құрметті азаматы, Алты Алашты аузына қаратқан талантты ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мәрте стипендиаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Ыбыраев Маралтай Райымбекұлының 55 жас мерейтойына орай «Жүйрік қалам, жылы жүрек иесі» фэн-бум кешін ұйымдастырды. Аталмыш кеш жоба аясындағы кезекті айы осы ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау айлығының ашылуын белгілеп, ақын поэзиясымен Әулиета жұртшылығын терең таныстыруға бағытталған.

   

 

 

Яндекс.Метрика