Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Ғашықпын! Шын ғашықпын, сол адамға!

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арнап «Ғашықпын! Шын ғашықпын, сол адамға!» атты «әдеби хэппенинг» - өлең оқу акциясын ұйымдастырды.

   Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Қасымхан Естемісұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Баймаханбет Ахмет, «Асыл арман» қоғамдық бірлестігі, «Инабат» қыздар клубының жетекшісі, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Ринат Нұрақбаев қатысты. 

   Әдеби хэппенинг – өлең оқу акциясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ғылыми-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің студенттері, Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебі мен Тараз қалалық №51 орта мектептің оқушылары ақын жырларын жатқа оқыса, қатысушылар ақиық ақын туралы көптеген тың деректермен бөлісті.

 

Яндекс.Метрика