Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Жаңалықтар

«Ұлт жүрегінен орын алған» тақырыбында бренд-автор шоу 2024-04-25 15:21:30

   Кітапхана көрнекті ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулеттің 70 жас мерейтойына орай «Ұлт жүрегінен орын алған» тақырыбында бренд-автор шоу ұйымдастырды.

   Өз поэзиясында жаратылыс, тұмса табиғат пен жан-жүрек, сана-сезімнің екеу ара үйлесімін тереңнен толғайтын сезімтал да ойшыл ақынның туындылары, лирика мен балладалары Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтағы демалушыларға таныстырылды.

Толығырақ

«ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL BOOK FEST – КІТАП ФЕСТИВАЛІ ЕКІНШІ КҮНІ2024-04-24 17:44:06

 Кітапхана саласы мамандарының қатысуымен «Заманауи әлемдегі кітапханалардың дамуы мен трансформациялануы (өзгеруі)» кітапханалық парковка өтті.

Толығырақ

«ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL Book Fest кітап фестивалі 2024-04-23 18:25:26

   Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 23 сәуір – дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL Book Fest кітап фестивалі өтуде. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 23 сәуір – дүниежүзілік кітап және...

Толығырақ

«Кітап - сарқылмас рухани қазына» тақырыбында ашық есік күні 2024-04-19 14:55:59

   Бүгін кітапханада «Кітап - сарқылмас рухани қазына» тақырыбында ашық есік күні өтті.

   Ашық есік күнінде кітапхана қорындағы сирек және құнды кітаптар мен қолжазбалар, сондай-ақ жаңа түскен әдебиеттер және электрондық  басылымдар жайында оқырмандарға ақпараттар беріліп, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ашылған орталықтар таныстырылды.

Толығырақ

«Жастар саясаты ел ертеңін айқындайды» кітапханалық тусовка 2024-04-18 17:59:04

   Бүгін кітапханада Халықаралық жастардың ынтымақ күні орай «Жастар саясаты ел ертеңін  айқындайды» кітапханалық тусовка өтті.

   Іс-шараға Жамбыл облыстық Желтоқсан ұшқыны қоғамдық бірлестігінен Кеншинбеков Талғат, Мырзабай Сәкен және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Болашақ» медициналық колледжінің білімгерлері қатысты.

   Келген қонақтар бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші, еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де,...

Толығырақ

«Тағдырымның тартуы» тағылым сағаты2024-04-18 09:24:15

   Кітапхана Өмірбек Байгелдінің туғанына 85 жыл толуына орай «Тағдырымның тартуы» тағылым сағатын ұйымдастырды.

   Тараз политехникалық колледжінің білімгерлеріне кітапхана қызметкерлері көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, облысымыздың Құрметті азаматының саналы ғұмырын еліміздің дамуына арнағаны, көптеген жауапты қызметтерді абыройлы атқарған, ұзақ жылдар бойы ел игілігіне қызмет еткен бірегей тұлға Өмірбек Байгелді ағамыз жайлы ақпарат берді.

   Қазақ елінің...

Толығырақ

Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығы2024-04-17 15:56:48

   Бүгін Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығы арнайы кітапханаға келіп, бөлімдерді аралап кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысып, экскурсия жасады.

Толығырақ

«Ескерткіштер - ел тарихы» әдеби эссе 2024-04-17 14:56:26

   Бүгін  кітапханада 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Ескерткіштер - ел тарихы» тақырыбында әдеби эссе  өтті.

   Кешке арнайы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих кафедрасының» аға оқытушысы, тарих магистрі Кобесова Ақнұр Смайылқызы, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының аға ғылыми қызметкері Асылжан Дулати, «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау...

Толығырақ

«ҚАЛАЙМЫН ТЕК, МАХАББАТЫМНЫҢ ГҮЛДЕУІН...» ӘДЕБИ БУРИМЕ2024-04-15 17:53:58

        Кітапхана 15 сәуір  мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күніне орай «Қалаймын тек, махаббатымның гүлдеуін...» тақырыбында әдеби буриме өткізді.

      Махаббат - дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса,  ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал сертке берік... Осылардың барлығы шынайы махаббаттың символы іспетті. Сан мыңдаған ғасырлар бойы...

Толығырақ

«Қазақтың тұңғыш академигі» көрме саяхаты2024-04-11 15:09:39

    Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың тұңғыш академигі» көрме саяхатын ұйымдастырды.

   Қ.Сәтбаевтың ғылыми мұрасын насихаттау және сақтау, ел дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның әйгілі тұлғасын оқырмандар назарына ұсыну мақсатында қазақ даласының ұлы перзентінің әр жылдарда жарық көрген Таңдамалы шығармалары мен  еңбектерін оқырмандарға  таныстырылды.

Толығырақ

Яндекс.Метрика