Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Кітапханадағы қызығушылық клубтары

«Қаламгер»  клубы  

Мақсаты: Оқырмандардың бос уақытын өткізуге, қала, облысымыздың жас ақындарына өз қаламдарын ұштауға, олардың жалпы қаламгерлік қызығушылықтарын кеңейтуге көмек көрсету. Поэзияға құштар жастардың қызығушылығының арта түсуі, күн өлең-өнердің қасиетті қазына - кітаптың бағалы мұрасын оқырмандарға насихаттау.
.

«Дәстүр» клубы

Мақсаты: Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері, ырымдары, той-мереке, әдеп-ғұрыптарын оқырмандарға насихаттау, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.

«TOWER» клубы

Мақсаты: Қазақстан мен АҚШ-тың тығыз қарым-қатынастарын нығайту, «American Shelf» ресурстары арқылы оқырмандар АҚШ туралы шынайы деректер алып, американдық құндылықтармен танысу.

«Жас саясаткер» клубы»  

Мақсаты: Жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуы, елдің саяси өміріндегі жастардың қызығушылығын қоғам назарына бұру, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі жастарымыздың ерік-жігері мен күш-қайратына байланысты екенін ескере отырып, жастардың өнегелік және рухани дамуын қалыптастыру, оларды патриотизмге тәрбиелеу.

 

 
 
 
Яндекс.Метрика