Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Кітапхана міндеттері

Кітапхана:

5.1. Абонемент қорына пайдаланушылардың  қолжетімділігі мен оны еркін пайдаланылуын қамтамасыз етуге.

5.2. Кітапхана қорының құрамы жайлы толық ақпарат ұсынуға.

5.3. Басылым шығармалары мен басқа да құжаттарды іздеу әрі таңдау барысында пайдаланушыларға кеңестік көмек көрсетуге.

5.4. Кітапхана көрсететін барлық қызметтер туралы пайдаланушыларды толық ақпараттандыруға.

5.5. Өзінің қорлары мен қызметтерін насихаттауға.

5.6. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы пайдаланушыларға көрсетілетін кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметті жетілдіруге.

5.7. Пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет мәдениетін олардың кітапханада жұмыс жасауға барлық ыңғайлы,  әрі жайлы жағдай жасауға.

5.8. Пайдаланушыларға аса қажетті басылымдар кітап қорынан табылмаған жағдайда кітапханааралық абонемент қызметі арқылы оларды басқа кітапханалардан сұратуға.

5.9.Пайдаланушыларға үйге берілген кітаптар мен басқа да құжаттардың дер кезінде қайтарылуын жүйелі түрде қадағалауға.

5.10.Пайдаланушылардың жеке мәліметтерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге.

5.11.Кітапхана пайдаланушыларының алдында оларға көрсетілетін қызмет аясында құқықтарының сақталуы жайлы есеп беруге.

5.12. Өз қызметі аясында пайдаланушылардың ұсыныстары мен ескертулерін ескертуге міндетті.

Яндекс.Метрика