Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

 

Әмбебапғылыми кітапхана

  • Кітапхана туралы

    Кітапхана туралы:

    Кітапхана 1940 жылы 10000 дана кітаптан тұратын қалалық кітапхана қорымен құрылған. 1965 жылы Шоқан Уәлиханов есімі берілді.

  • Жұмыс уақыты

    Жұмыс уақыты:

    Кітапхананың жұмыс кестесі: сағат 10.00 – 19.00. Үзіліссіз.
    Демалыс күні: жұма.
    Айдың соңғы күні – тазалық күні.

 Кітапхана
ЕЛ БОЛЫП ОҚИМЫЗ
 
 

Соңғы Жаңалықтар

«Кітап - сарқылмас рухани қазына» тақырыбында ашық есік күні 2024-04-19 14:55:59

   Бүгін кітапханада «Кітап - сарқылмас рухани қазына» тақырыбында ашық есік күні өтті.

   Ашық есік күнінде кітапхана қорындағы сирек және құнды кітаптар мен қолжазбалар, сондай-ақ жаңа түскен әдебиеттер және электрондық  басылымдар жайында оқырмандарға ақпараттар беріліп, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ашылған орталықтар таныстырылды.

Толығырақ

«Жастар саясаты ел ертеңін айқындайды» кітапханалық тусовка 2024-04-18 17:59:04

   Бүгін кітапханада Халықаралық жастардың ынтымақ күні орай «Жастар саясаты ел ертеңін  айқындайды» кітапханалық тусовка өтті.

   Іс-шараға Жамбыл облыстық Желтоқсан ұшқыны қоғамдық бірлестігінен Кеншинбеков Талғат, Мырзабай Сәкен және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Болашақ» медициналық колледжінің білімгерлері қатысты.

   Келген қонақтар бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші, еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де,...

Толығырақ

«Тағдырымның тартуы» тағылым сағаты2024-04-18 09:24:15

   Кітапхана Өмірбек Байгелдінің туғанына 85 жыл толуына орай «Тағдырымның тартуы» тағылым сағатын ұйымдастырды.

   Тараз политехникалық колледжінің білімгерлеріне кітапхана қызметкерлері көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, облысымыздың Құрметті азаматының саналы ғұмырын еліміздің дамуына арнағаны, көптеген жауапты қызметтерді абыройлы атқарған, ұзақ жылдар бойы ел игілігіне қызмет еткен бірегей тұлға Өмірбек Байгелді ағамыз жайлы ақпарат берді.

   Қазақ елінің...

Толығырақ
 
 
Яндекс.Метрика