Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Тараз - ғасырлар куәсі» атты дөңгелек үстел

   Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай кітапханада «Тараз - ғасырлар куәсі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты - оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған өлкесіне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.                                                                          

   Дөңгелек үстел отырысына Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының директоры  Сауран Қалиев Қалиұлы, Тараз қалалық  мемлекеттік архивінің директоры Нұрхат Серікбаев, Тарихи-мәдени ескерткішті қорғау және қалпына келтіру дирекциясының бөлім меңгерушісі Салтанат Дильдабекова, Жамбыл облыстық тарихи өлкетану музейінің экскурсоводы Байтұрсынова Лаура, Тараз қаласының Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының мұғалімі Рауан Ошақбаев қатысты.

   Кеш қонақтары өз саласы бойынша Жамбыл облысының тарихы мен бүгіні жайлы, Ұлы Жібек жолы, Әулиеата өңірінің тарихы мен тағлымы, облыстың қазіргі тыныс-тіршілігі туралы маңызды тарихи ақпараттармен бөлісті.

   Облыстық өлкетану музейінен келген қонақтар музейде сақтаулы тұрған құнды жәдігерлерімен оқырмандарды таныстырды.

   Іс-шарада патриоттық әндер шырқалып, күй тартылып, Жамбыл облысының көрікті жерлерінен фотогалерея  мен бейнеролик көрсетілді.

Яндекс.Метрика