Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Тағдырымның тартуы» тағылым сағаты

   Кітапхана Өмірбек Байгелдінің туғанына 85 жыл толуына орай «Тағдырымның тартуы» тағылым сағатын ұйымдастырды.

   Тараз политехникалық колледжінің білімгерлеріне кітапхана қызметкерлері көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, облысымыздың Құрметті азаматының саналы ғұмырын еліміздің дамуына арнағаны, көптеген жауапты қызметтерді абыройлы атқарған, ұзақ жылдар бойы ел игілігіне қызмет еткен бірегей тұлға Өмірбек Байгелді ағамыз жайлы ақпарат берді.

   Қазақ елінің өркендеуі мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан жарық тұлға ел есінде мәңгі қалары сөзсіз.

Яндекс.Метрика