Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Заманауи кітапхана: заманауи библиограф – қойылатын міндеттер» кітапханалық консалтинг

    Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылға «Заманауи кітапхана: мәдени-ақпараттық кеңістікті өзара игеру» тақырыбымен жоспарланған кітапханалық консалтингтер желісі (циклі) өз жұмысын аудандық кітапхана библиографтарының ақпараттық мәдениетін көтеру, кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған «Заманауи кітапхана: Заманауи библиограф – қойылатын міндеттер» тақырыбы аясында ақпараттық-библиографиялық жұмыстарының барысын айшықтайтын тренингтен бастау алды.

    Кітапхана мамандарына көрсетілетін қызмет аясында кеңес беру бағытын ұстанған кітапханалық консалтинг циклінің алғашқы іс-шарасына барлық 10 аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиограф қызметкерлері мен әдіскерлері қатысты.

    Аталған шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев қатысып, консалтинг жұмысына сәттілік тіледі.

    Қатысушылар қазіргі заманауи кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің ішкі жұмыстары мен оқырмандарға ізденіс модулі арқылы сұраныстарын қанағаттандыру қызметі, Қазақстандық корпоративтік каталогтандыру орталығымен (ҚККО) тығыз байланыста жұмыс жасау туралы мәліметтер алыпкітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппараты мен республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесінің (РАКАЖ) «Ізденіс» модулін жетілдірудің кәсіби тың әдіс-тәсілдермен танысты.

Яндекс.Метрика