Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы ауылдық кітапханалар күндері

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті кереметі» бағдарламалық мақалалары мен «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, кітапханашылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында үстіміздегі жылдың наурыз-маусым айларына жоспарланған «Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» атты ауылдық кітапханалар күндері Байзақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Дихан ауылдық кітапханасы ұйымдастырған «Ауыл – береке мен бірліктің бастауы»» атты тақырыптық кештен бастау алды.

     Жусанын тартсаң шежіре ағытылып кететін, бүгінгі таңда үш мыңнан аса тұрғыны бар, құрамына Аймантөбе, Жеңіс ауылдары енген Дихан ауылдық округінен ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен жауына арыстандай атылған хас батырлар мен Есей секілді ел билеген би, Байзақ ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі  Айтқұл Мамытқұлұлы, профессорлар Күмісқали Жаңабеков, Алтынбек Тасыбаев, Сейтхан Досыбаев және тағы басқа ұл-қыздарымен мақтана алатынын айтқан ауыл ақсақалдары алқасының төрағасы Ойықбаев Әзімбек        және ауылдық кітапхана меңгерушісі Телгараев Дидар жиналған қауымды туған жер тарихы, бүгінгі тыныс-тіршілігі, ерлі еңбегімен елге танымал болған азаматтар есімдерімен таныстырды.

     Дихан ауылының кітапханашыларының көрсетілім іс-шарасына офлайн қатысушы ретінде Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы, Тараз қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, ал онлайн жүйесінде барлық аудандардың көпшілік кітапханалар жүйелерінің кітапханашылары қатысты.

 

 

Яндекс.Метрика