Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Қазақстан Республикасының «Мицва» еврей ұлттық мекемелері Ассоциациясы кітаптарының тұсаукесері және оларды Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына сыйға тарту рәсімі

 

     Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  Қазақстан Республикасының «Мицва» еврей ұлттық мекемелері Ассоциациясы кітаптарының тұсаукесері және оларды кітапхана қорына сыйға тарту рәсімі өтті. Іс-шараның мақсаты: кітапхананың жас оқырмандарын еврей халқының тарихы және дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға, Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге, ынтымақтыққа, достыққа тәрбиелеу, жастардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату болды.

     Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Сембина Зубайра Жаркынқызының құттықтау сөзімен ашылған іс-шара барысында «Центр забота. Хэсэд Полина» Республикалық қайырымдылық қоғамдық ұйымының Тараз қаласындағы филиалы бағдарламасының координаторы Н.Перфильева, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, төраға орынбасары М.Кожаева және философия ғылымдарының кандидаты,  М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі П.Мамедова кітаптар аясында өз ойларын білдіріп, Тараз қаласы еврей қауымының қариясы, тарихшы, журналист М.Бунин еврей этносының тарихы және кітапхана қорына сыйға тарту етілетін кітаптардың мазмұнымен жиналған қауымды таныстырды.

 

Яндекс.Метрика