Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы ауылдық кітапханалар күндері Жамбыл ауданы Шайдана ауылдық кітапханасының күні

     Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары мен «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, кітапханашылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында үстіміздегі жылдың наурыз-маусым айларына жоспарланған «Ауылдық кітапхана – жергілікті қоғамдастық орталығы» атты ауылдық кітапханалар күндері аясында Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Шайдана ауылдық кітапханасы «Талаптың мініп тұлпарын» поэзия кешін ұйымдастырды.

     Поэзия кешінде кітапхана жанындағы «Өнер алды – қызыл тіл» үйірмесінің Орынбасар Бақытұлы, Нұрболат Дарханұлы, Рахымбай Кенен, Жамалбек Сұлтан есімді белді мүшелері жергілікті ақындардың өлеңдерін оқыды.

     Жастар жылына орай ұйымдастырылған іс-шара аға буын өкілдерінің шығармаларын насихаттау арқылы жас ұрпақты поэзия өнерін құрметтеуге баулуға бағытталды.

Яндекс.Метрика