Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

ЖАСТАР ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ ТОЛҒАНАДЫ

   Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта орналасқан «Желтоқсан, 86» орталығында Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қазақстан: ғасырлар мен мыңжылдықтар тоғысында» жастар форумы өтті.

   Шараға Тараз мамандандырылған, қалалық техника және бизнес колледждерінің студенттері қатысып, тәуелсіздік туралы толғаныстарын, тақырыпқа байланысты жыр жолдарын ұсынды.

   Еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлердің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылған Тәуелсіздік мерекесіне арналған жастар форумында жас ақын, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Жұматай Көксубай егеменді еліміздің жеткен жетістіктері, жастарға берген мүмкіндіктеріне тереңнен тоқталып, өзінің «Қазақстан» деген арнау өлеңін оқыды.

   Мұнан соң форумға қатысушыларға тәуелсіз Қазақстанның бел- белестері, бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректер мен құнды кітаптардан құралған кітап көрмесі таныстырылды.

 

«АRАІ»-ақпарат

«АRАІ».-2021 жыл.-9 сәуір (№21).-3б.

Яндекс.Метрика