Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды

    Акцияның шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Дәулет Жамаубайұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі. Әрі қарай облыстық мәслихаттың хатшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Енбек сіңірген қайраткері Махметғали Сарыбеков, ҚР Мәдениет қайраткері, мәдениет саласының ардагері, өлкетанушы Әлібек Әмзеұлы, ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов, облыстык коғамдық кеңесінің мүшесі, ардагер журналист, қаламгер, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Қалыбек Атжан, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Үміт Битенова кітап қорына өздерінің арнайы акцияға деп алып келген кітаптарын кітапхана қорына тарту етті.

    Ал ұйымдастырушылар кітапхана қонақтарына алғыс білдіре отырып, сый тарту ретінде «Кітапхананың Құрметті оқырманы» лентасын табыстады.

    Іс-шарада зиялы қауым өкілдері жастарды кітап оқуға шақыра отырып, аталған акция алдағы уақытта да жалғасын тапса деген ниеттерін білдірді.

 

Е.ЖАҢАБАЙҰЛЫ

Aq jol. - 2021. – 10 шілде (№82). – 3 б.

Яндекс.Метрика