Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

БАҚ

Кітапханашылар шекарашыларда қонақта2021-10-26 11:42:10

    Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы, подполковник Ділімұрат Абрахмановтың бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Шөлдала» және «Жасөркен» шекара бөлімшелерінде болды. Кітапханашылар шекара арқылы заңсыз әрекеттерге барынша тосқауыл қою жөнінде ауқымды іс атқарып жүрген әскери қызметшілердің кітапқа қызығушылығын арттыру мақсатында «Тәуелсіз ел - Мәңгілік ел»...

Толығырақ

Мәңгілік елдің руханият ордасы2021-10-13 16:23:04

    Қас пен көздің арасында қамшы салдырмай қарыштап дамыған бүгінгі заманда бұрын соңды ел естіп, көз көрмеген заманауи салалар пайда болып, кейбір салалар тіршілік сахнасынан алыстағаны жасырын емес. Алайда айтуға келгенде тіл сынып, оқи қалсаң көз сүрінетін жаңа мамандықтардың қатарында көнеден келе жатқан өміршең салалар да бар. Себебі олар адамзаттың қолы айға жетсе де өмірдің мәңгілік қажеттілігі, руханияттың...

Толығырақ

Өзіңді тану үшін де кітап керек2021-10-11 10:54:39

   «Кітап-білім бұлағы» деген сөзде үлкен мән бар. Кітап арқылы оқырмандардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне, саяси танымын қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер етуге болады. Өзің оқыған жақсы кітапты өзгелермен бөлісу-парасаттылықтың белгісі. Осы орайда Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла»! акциясын ұйымдастырды.

    Акцияда «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы...

Толығырақ

Воспевая любимый город. Фестиваль книги и литературное буриме2021-10-10 13:20:43

   Сотрудники Жамбылской областной универсальной научной библиотеки имени Шокана Уалиханова в честь Дня города, который ежегодно отмечается в октябре, организовали под открытым небом на площади Знаний аллеи Jastar торжество в формате литературного буриме «Тақ Тараз. Жалқы Тараз жаһандағы…».

   Гостями и активными участниками мероприятия стали жители города, постоянные читатели библиотеки, участники клуба «Қаламгер», работающего при библиотеке, и студенты...

Толығырақ

Қарттар ғұмырын құрмет ұзартады2021-10-06 18:17:04

   Халықаралық қарттар күніне орай №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Қарттар ғұмырын құрмет ұзартады» атты мерекелік іс-шара өтті.

   Мерекелік шараны облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев құттықтау сөзімен ашып, үлкенге құрмет, кішіден ізет көрсету тәрбиенің тіні екенін айтып, қарияларды құрмет тұтуға шақырды.

   Ән-күймен көмкерілген кеш барысында домбырашылар...

Толығырақ

«Қартың болса - қазына!» 2021-10-06 17:54:20

    Халықаралық Қарттар күніне орай облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Қартың болса - қазына!» атты мерекелік іс-шара өтті.

    Орталық директоры Гүлжауһар Құшанова осында қызмет алушыларды төл мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті. Сондай-ақ облыстық «Саясаткер әйелдер» клубының төрайымы Гүлсін Орынбаева, облыстық «Іскер әйелдер» қауымдастығының атқарушы директоры Елена Балло...

Толығырақ

Ел егемендігімен өркен жайған кітапхана2021-09-30 17:40:22

    Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  тарихи тамыры 1898 жылы Әулиеата қаласында қоғамдық кітапхана болып ашылған сәтінен басталған. Алғаш кітапхананың кітап қорында 460 дана кітап, 4 газет, 10 журнал болған.

    Бүгінгі таңда кітап қоры – 250965 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі – 75837 дананы құрайды. Кітап қорының қанша есеге көбейгенін ойлап көріңізші…

Толығырақ

Еңбек ерінің жолы өскелең ұрпаққа үлгі2021-09-25 14:46:54

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның Еңбек ері, облыстық мәслихаттың депутаты Мұқаш Ескендіровтың қатысуымен «Еңбек Ері – өскелең ұрпаққа үлгі» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

    Шараға М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің химия және химиялық техгология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Халипа Садиева, аталған оқу ордасының «Кәсіптік оқыту», «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды...

Толығырақ

«БІЗДІҢ БОЛАТ» ОҚЫРМАНМЕН ҚАУЫШТЫ2021-09-22 17:33:50

    «Болмайды ғой», «Редактордың қойын дәптері», «Өмір-драма», «Сахнадан сыр айтамын», «Құс жолынан жыр төктім», «Көз көргендер» атты алты томдық жинақтың, «Шымылдықтың арғы жағы», «Бізбіз» атты сатиралар жинағының, «Құс қанатындағы сағыныш» атты поэтикалық жинақтың авторы, жазушы-драматург Болат Бекжановтың биыл өмірден озғанына бір жыл толып отыр. Осыған байланысты есіл ерін іздеген арттағы елі Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында Болат...

Толығырақ

Бас имаммен байпты әңгіме2021-09-22 17:19:03

    Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасы жастарды діни сауаттандырып, оларды партиоттыққа  тәрбиелеу, дәстүрлі емес ағымдардан сақтандыру мақсатында орталық «Һибаттулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің қатысуымен онлайн сұхбат өткізді.

    Іс-шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы, азаншы Жалғас Жұбатқанов, мешіттің ұстазы Нұрлан Мұрат, әйелдер...

Толығырақ
Яндекс.Метрика