Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

БАҚ

Санаға сілкініс керек2020-11-18 17:06:15

    Әдетте, біздің көзіміз еліміздегі саяси ахуалға, экономикалық жағдайды түзеуге арналған мемлекеттік ұзақ мерзімді бағдарламаларға әбден үйреніп қалғанын жасыра алмаймыз. Ол дұрыс қой. Әрине, «Алдымен - экономика, одан кейін - саясат» деген ұстанымның көкейге қонатыны жасырын емес. Әлеуметтің әлеуеті көтерілмей, мемлекеттің мәртебесі биіктемейтіні де әлімсақтан аян ғой. Мұны ешкім жасыра алмайды. Сол себепті де экономика мен ішкі және сыртқы саясаттың...

Толығырақ

АҚПАРАТТЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРАМЫЗ:2020-11-13 10:16:40

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының онлайн форматындағы іс-шаралары

    Өңір тұрғындарына жаңа дәуірде, жаңа дәстүрде қызмет етіп, жұмыс саласында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы заманның ағымына ілесуге тырысып, көп салалы толыққанды ақпараттармен оқырмандарды қамтамасыз етіп отырған Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өз қызметін мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, болашақ ұрпаққа еліміздің Тәуелсіздік...

Толығырақ

Сырғып өткен жылдар-ай...2020-11-13 09:30:47

   – Өмірде әр сәттің өз қызығы, ерекшелігі бар. Соның ішінде студенттік шақты адам өмірінің ең бақытты кезеңі деп жатамыз. Жастық шақ, алғашқы махаббат, бірінші сессия, достық пен жаңа орта ешқашан естен кетпейтіндей.

    Менің студенттік өмірім Жамбыл мәдениет және ағарту училищесіне оқуға түскеннен басталды. Басқалар көрген өмірді көргім келді. Жатақханада тұрғым келді, бірақ анам рұқсат бермеді. Дегенмен студенттік...

Толығырақ

Ел ақыны ескерткішке айналса Бауыржан Үсеновтің туғанына - 60 жыл2020-10-21 11:55:50

    Биыл жарық жалғанда бар-жоғы 31 жыл ғана ғұмыр кешіп, қастерлі қазақ әдебиетіне жауһар жыр, мол әдеби мұра қалдырып кеткен белгілі ақын, Жуалының тумасы Бауыржан Үсеновтің туғанына 60 жыл толып отыр. Ақынның туған күні бар, бірақ күнтізбеде өлген күні болмайтыны әу бастан ақиқат. Осы ретте Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Біздің сезім күзде өнген гүл сияқты...» атты...

Толығырақ

«... Адамдар сыйған табытқа, ақындар бірақ сыймайды»2020-10-21 10:48:50

    Мінезі ерекше, табиғаты ешқандай өңірге ұқсамайтын Жуалыдан қайсар, өткір, күрескер азаматтар көп шыққан. Олардың қатарында Қошқаратаның топырағында туып, Мыңбұлақтың бұлағына жуынған Бауыржан Үсенов те бар. Әттең, өмірі қысқа болды. Әйтпесе, қазақ халқы ақын Бауыржанның талай-талай қасиеттерін, кереметтерін таныған болар еді. Бұл мыңдаған оқырманның жүрегінде жүрген өкініш!

     Ш.Уәлиханов атындағы облыстык әмбебап-ғылыми кітапханасында аталған кітапхана...

Толығырақ

«Іңкәр-Ғазал» жыр жинағы оқырманға жол тартты2020-10-12 17:02:55

    Әулиеата өңірі талантты ақындардан кенде болған емес. Нәзік жүрегімен поэзияның ауыр жүгін көтеріп жүрген ақындардың бірі - Жұлдыз Бейсек. Біршама уақыт бұрын елордадагы «Qalamger.kz» баспасынан Жұлдыздың «Іңкәр-Ғазал» атты жыр жинағы жарық көрген болатын. Кітаптың алғы сөзін қазақтың аяулы ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметова жазған екен.

    «Жұлдыз Бейсектін ақ жібектей жырлары кәусар тазалығымен, шынайы...

Толығырақ

«Іңкәр-Ғазал» жыр жинағы оқырманға жол тартты2020-10-12 16:24:45

Топырағы текті, даласы дастан Талас ауданы, Үшарал ауылының тумасы, талантты ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты Жұлдыз Бейсектің «Іңкәр-Ғазал» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақынның тұңғыш жыр жинағының тұсау кесер рәсімі облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында өтті.

     Өлең сүйер көпшілікке Нұр-Сұлтан қаласындағы «Qalamger» баспасынан екі мың дана болып жол тартқан жинақ авторы Жұлдыз Бейсек алғашқы...

Толығырақ

Алда атқарылатын шаруа көп2020-10-12 14:47:36

    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты кезекті жолдауы сын кезеңде жарияланып, алдағы бағытты бағдарлап берді. Жолдауда көтерілген барлық мәселе өзекті, елімізді экономикалық, әлеуметтік дамыту, пандемия және сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары, қоғамдық бақылауды күшейтіп, билік пен азаматтардың жауапкершілігін арттыру, білім беру ісіне аса назар аударды. Жолдауда «Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге...

Толығырақ

Ақынға тағзым2020-10-12 14:40:33

    Қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев және облысымыздың бір топ зиялы қауым өкілі 10 тамыз - Абайдың туған күніне орай ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды. Гүл қою рәсіміне Батырбек Құлекеевпен бірге Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, «Еgemen Qazaqstan» газетінің облыстағы меншікті тілшісі, ақын Хамит Есаман және облыстық «ARAI» газетінің тілшісі, жас ақын Нұржан Қадірәлі қатысты.-...

Толығырақ

Абайға құрмет – Адамзатқа құрмет2020-10-12 14:28:07

      «Абай күні» мерекесі Тараз қаласындағы Абай ескерткіші алдында Абай әндерінен берілген онлайн концертпен басталды. Хакімнің «Желсіз түнде жарық ай», «Өленді қайтып қоярсың» әндері жүректі тербеп, әсерге бөледі.

    Ескерткіш қасынан Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрмеге заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романының төрт томдығы, Астанадағы Ахмет Байтұрсынов атындағы...

Толығырақ

Дауыс беру

Біздің кітапхананың жұмысын Сіз қалай бағалайсыз?




Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Статистика

Барлық құқықтар қорғалған © 2024

Яндекс.Метрика