Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 15 сәуір – ғашықтар күніне орай жастардың қатысуымен «Жүрегім жырла! Дүрсілде бекем...» әдеби экспромт ұйымдастырды.
Әдеби экспромтқа қатысқан кітапхананың тұрақты оқырмандары, белсенді жастар 15 сәуір – ғашықтар күнінің махаббат символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың ғашықтық сезімдері туралы әңгімелеп, адам жүрегін нұрландырып, сезімнің нәзік қылын шертетін жыр жолдары мен махаббат тақырыбына арналған әсем әндерін тамылжыта шырқады.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан «Сіз ғашықтар күнін 15 сәуірде атап өтуді қолдайсыз ба?» деген сауалнамаға жастардың көбі қолдайтындарын, өздеріне сүйіспеншілік пен жылулық сыйлайтындығын айтты.
Іс-шараға қатысушылар ғашықтар күнін тойлауды дәстүрге айналдырып, бұл күнді ерекше күтетіндерін, махаббатсыз дүние бос екендігін жеткізді.