Жамбылская областная универсальная научная библиотека им. Ш. Уалиханова

Алғашқы ұлы көштің дарабозы

    «Парасат жолы» жобасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен облыстық кино орталығы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қазақ өнеріне аянбай еңбек еткен, артына өшпес із қалдырған ірі тұлға, әнші, актер, режиссер, жазушы, аудармашы, педагог, профессор Кәукен Кенжетаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Алғашқы ұлы көштің дарабозы» тақырыбында дара жол ұйымдастырды.

   Дара жолда  Жамбыл облыстық кино орталығының өкілдері театр саңлағының өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, қызмет еткен жылдарындағы жеткен жетістіктері туралы ақпарат берді. Ұйымдастырушылар Кәукен Кенжетаевтің кино өнеріне сіңірген өлшеусіз еңбектері мен өрелі өнерін үлгі ете келе,  шығармашылығына арналған деректі фильм мен актердің өзі қатысқан көркем фильмдерінен алынған үзіндіні қатысушылар назарына ұсынды.

 

Яндекс.Метрика