Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен кезекті іс-шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Тараз қаласы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағында қала тұрғындарына арнап кітап көрмесін ұсынды. Кітап көрмесінде спорт саңлақтарынан бастап, бүгінгі күнге дейін жарыққа шыққан мотивациялық, психологиялық, экономикалық сауат ашу, менеджмент, бизнеске бағытталған кітаптар қойылған. Сенбілік серуенде жүрген жастардың қызығушылығын арттырып, кітап оқуға шақыратын іс-шарада өздері үнемі іздеп оқитын Луиза Хей, Наполеон Хилл, Саидмурат Давлатов, т.б. психологтар мен экономистердің шығармаларын көргенде-ақ олардың қуаныштарында шек болмады. Айта кету керек, оқырман сұранысына сай кітапхана қорында мотивациялық еңбектердің қатары күн санап артуда.
Символы Республики Казахстан
Подробнее
Электронный каталог
Подробнее
Виртуальная справочная служба
Подробнее
Казахстанская Национальная Электронная Библиотека
Подробнее
Новые поступления
Подробнее
Памятка населению по предупреждению актов терроризма
Подробнее
ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА НАРОДУ КАЗАХСТАНА
Подробнее
TIL - QAZYNA
Подробнее
Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Подробнее